Интеллектуалдық меншік
Бұл бөлімде әлемнің әртүрлі елдерінде тіркелген Компаниялардың зияткерлік меншіктері туралы ақпарат ұсынылған.
Патент инновациялық жүйенің негізгі компоненті болып табылатын бірегей технологияны жасау мен ойлап шығару үшін айрықша авторлық құқықты растайды. Бұл жүйеде қаржы құралдарымен сауда операцияларының тәуекелдерін азайту және пайдалылығын арттыруға мүмкіндік беретін арнайы ережелер қарастырылған.
Бұл патент Bitbon-мен өрнектелетін активтердің меншік құқығын басқару әдісін және оны іске асыру жүйесін шығаруға ерекше құқық береді. Патент аталған жаңалықтың инновациялық бағдарламалық-аппараттық жасақтама көмегімен іске асырылған барлық құрамдас бөліктерінің бірегейлігін және сенімді жұмыс істейтінін растайды.
Бұл құжат заманауи ақпараттық технологиялар шешімдерін ескере отырып, графикалық пайдаланушы интерфейсін жасауда әзірленген iPro Marketplace сауда-талдамалы платформасының бірегейлігін растайды.
Берілген патент сандық құндылықтарды тарату бойынша транзакцияларды жүзеге асыру кезінде технологиялық үдерістерді жүзеге асыруға деген жаңашыл тәсілдемені растайды және сонымен бірге өтінілген тәсілді жүзеге асыру үшін жүйені ойлап табуға арналған ерекше құқықтарды куәландырады.
Аталмыш пайдалы үлгі бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануға кепілдікті қамтамасыз ететін әртүрлі жеке және топтық төлемдерді автоматтандыру тәсілін және бақылауды жүзеге асыруды сипаттайды. Пайдалы үлгі қаржы саласында пайдалануға арналған және экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм гуманитарлық проблемаларды шешерде ақшалай төтенше көмек көрсету үшін, жеке адамға немесе ұжымға ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін, субсидиялар, жәрдемақылар, өтемақылар және т.с.с. төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
Аталмыш пайдалы үлгі құқықтарды басқару және сандық құндылықтарға құқық беру тәсілін, сондай-ақ оны жүзеге асыру ерекшеліктерін сипаттайды. Пайдалы үлгі қаржы саласында жеке тұлғалардың және шаруашылық субъектілерінің пайдалануына арналған.
Аталмыш пайдалы үлгі жүйені және оның құқықтарды басқару мен сандық құндылықтарға құқық беруін жүзеге асыру үшін қажет компоненттерді сипаттайды. Пайдалы үлгі қаржы саласында жеке тұлғалардың және шаруашылық субъектілерінің пайдалануына арналған.
Аталмыш пайдалы үлгі аутентификация артефактілерін қалыптастырудың инновациялық әдістерін пайдаланатын транзакциялардың сенімді орындалатынын қамтамасыз ететін тәсілді сипаттайды, ал бұл өз кезегінде сандық құндылықтарды табыстау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Пайдалы үлгі қаржы саласында жеке тұлғалардың және шаруашылық субъектілерінің пайдалануына арналған.
Көбіне біздің патенттер мен сауда таңбаларымыз WIPO (World Intellectual Property Organization), қазақша айтар болсақ — Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы арқылы тіркеледі. Толық ақпаратты Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) сайтынан ала аласыз.
Жаңалықтарды паненттеу халықаралық РСТ (Patent Cooperation Treaty) жүйесіне сай іске асырылады. Бұл жүйе PCT патенттеу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық Келісімшартына сай әлемнің көптеген елдеріндегі өнертапқыштарға өз өнімдерін патенттеуге көмектесіп келеді. Осылайша, өнертапқыштар PCT процедурасы бойынша өз өнімдерін патенттеуге бір өтінім беру арқылы өз жаңалықтарын PCT-мен келісімге отырған 156 елде патентпен қорғай алады.
PATENTSCOPE патенттер дерекқоры.
Ақпаратты мүмкіндігінше қолайлы ету үшін, біз патент алынған ел ұйымдарының ресурстарына тікелей сілтеме беріп отырмыз. Жаңа өнімдерді PCT жүйесі арқылы патентпен қорғау кезінде, көп жағдайларда ақпаратты Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сайтынан алуға болады.