Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Жоғары технологиялық бизнесті басқаруға арналған бағдарламалық шешімдер

Блокчейн хаттамалары мен консенсус алгоритмдері

Функционалдық бизнесті дамытуға арналған блокчейн хаттамалары мен консенсус алгоритмдерін әзірлеу.
  • Блокчейн желілерін ақпараттық жүйелерге біріктіру.
  • Блокчейн хаттамаларын әзірлеу.
  • Консенсус алгоритмдерін әзірлеу.
  • Смарт келісімшарттарды әзірлеу.
  • Қолданыстағы блокчейн платформаларын түрлендіру және түзету.
  • Үлестірілген жүйелер үшін консенсус хаттамаларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Үлкен деректерді (Big Data) өңдеу үшін талдаушылық стектерді құру

Әр түрлі жіктеу жүйелерін әзірлеу және үлкен деректерге болжам жасау.
  • Операциялық қызмет туралы деректерге талдау жасауға арналған бағдарламалық құралдар (R, Python, NoSQL).
  • АТ үдерістерін оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру үшін үлкен деректерді пайдалану.
  • Барлық жүйелерде сақтау, орнын ауыстыру және пайдалану кезіндегі құпия деректердің жоғары деңгейдегі қорғанысы.
  • Деректерді түрлендіру және жүйелендіру.
  • Имитациялық үлгілеу, кеңістіктік пен статистикалық талдау жасау және деректерді визуалдау.
  • Нақты уақыт режимінде қауіптерді және кибер шабуыл салдарын барынша азайту.

Нарықтық өтемпаздықты агрегациялау жүйелері (капиталды басқару жүйелері)

Ұсынылған жүйелер жоғары қауіпсіздік талаптарына және заманауи бағдарламалық өнімдердің сенімділігіне сәйкес келеді, сонымен қатар құпиялылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
  • Банктермен, FX брокерлерімен және криптобиржалармен жұмыс істеу.
  • Стандартты (FIX) және мамандандырылған хаттамалармен жұмыс істеу.
  • Қаржылық транзакцияларды өңдеу.
  • Қаражат қозғалысының мониторингі.
  • Қаржылық транзакцияларды бақылау.
  • Күдікті қаржылық белсенділікті қадағалау.
  • Ақпараттың сақталуын, бүтіндігін және құпиялылығын қамтамасыз ету.
  • Қаржы есептемесін пішімдеу.
  • Қаржы нарығының әлеуетін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін капиталды бақылаудың инновациялық үлгілерін әзірлеу.

Туынды қаржы құралдарымен сауда операцияларын жүзеге асыру бойынша брокерлік қызметтерді ұсыну саласындағы құралдарды әзірлеу

Брокер-компаниялардың мұқтаждықтарын әр түрлі тәсілдермен және артықшылықтармен қанағаттандыратын икемді жүйелердің болу шарты қойылған Клиенттерді кәсіби қолдау.
  • Акциялар мен облигациялар бойынша брокерлік қызметтер.
  • Капитал салымдары бойынша брокерлік қызметтер.
  • Бағалы қағаздар мен тауарларға инвестициялау саласындағы брокерлік қызметтер.

Әлемдік қаржы нарықтарында сауда жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер

Қауіпсіздікке, бұзылуға тұрақтылыққа және сенімділікке, сондай-ақ жүйе реакциясының өнімділігі мен жылдамдығына қойылатын жоғары талаптары бар аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу.
  • Сауда серверін басқару.
  • Компьютерлік бағдарламалық қамтаманы жалға беру.
  • Бағдарламалық қамтаманы жаңарту.
  • Сауда шоттарының күйі бойынша толық есептілікті пішімдеу.
  • Мониторинг, теңгерімдерді бақылау және өтімділік ағындарын басқару.
  • Толық статистикалық және басқарушылық есептілікті пішімдеу.
  • Әлеуетті тәуекелдерді барынша азайту және қорытынды пайданы бірнеше есеге арттыру мақсатында тәуекел-менеджменттің базалық алгоритмдері негізіндегі сауда сигналдарына талдау жасау.

Сайттар мен веб-қосымшаларды жасау

Тұтынушылардың жеке сұраныстарына бағытталған заманауи технологиялық талаптарды есепке ала отырып, сайттар мен веб-қосымшаларды жасау.
  • Техникалық тапсырманы әзірлеу.
  • Сайт құрылымын әзірлеу.
  • Нарық пен статистикаға талдау жасау (бәсекелестерге талдау жасау).
  • Креативті тұжырымдамаларды және бірегей дизайнды әзірлеу.
  • Бағдарламалық қамтаманы әзірлеу.
  • Іздеу жүйелері үшін оңтайландыру.
  • Әлеуметтік желілермен біріктіру.
  • Сынақтан өткізу және браузерлік сынақтан өткізу.

Мобильді қосымшаларды жасау

Мобильді қосымшаларды Android және iOS платформаларының ерекшелігі мен ерекше талаптарын ескере отырып әзірлеу.
  • Мобильді қосымша құрылымын әзірлеу.
  • Нарық пен статистикаға талдау жасау.
  • Дизайнды әзірлеу.
  • Бағдарламалық қамтаманы әзірлеу.
  • Оңтайландыру.
  • Сынақтан өткізу.
Үдемелі бизнес-стратегияларға
қызмет көрсетудің
үлгілері

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастыру

Барлық деңгейлердегі ақпараттың сенімді және тиімді қорғаныс жүйесін құруға арналған тексерілген құралдар кешені.
  • Ақпараттық инфрақұрылымға талдау жасау.
  • Ақпараттық тәуекелдерді бағалау.
  • Ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және ендіру.
  • Ақпараттық жүйенің осалдығына талдау жасау.
  • Ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу.

Құқықтық кеңес беру және сүйемелдеу

Халықаралық құқық жөніндегі сапалы білім мен іргелі тәжірибеге негізделіп бизнес тапсырмаларға жан-жақты талдау жасау бойынша құрылған заңды ұсыныстарды беру.
  • Экономика және құқық саласында ғылыми-зерттеу және сараптамалық тұжырымдарды әзірлеу кезінде сүйемелдеу.
  • Сандық активтерді құру (Активтерді цифрлау рәсімі), пайдалану және мұраға алу мәселелері бойынша кеңес беру.
  • Әр түрлі елдердегі қаржылық-техникалық салада лицензия алу.
  • Зияткерлік меншікті қорғау.

Халықаралық қаржы нарықтарында сандық технологиялар саласында кеңес беру

Көп жылдық практикалық тәжірибеге негізделген, бизнеске сандық технологияларды ендіру мәселелері бойынша ұсыныстар беру.
  • Сандық активтер мен блокчейн технологиясымен байланысты жобаларды сүйемелдеу.
  • Жалпы сұрақтар бойынша кеңес беру (халықаралық қаржы нарықтарына шығуды қамтамасыз ету, ірі жобаларды есептеу, барлық жүзеге асыру кезеңдерінде жобаларды сүйемелдеу, жобаны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқаларын іздеу).
  • Қаржылық кеңес беру (активтерді рәсімдеуді сүйемелдеу, процессингті ұйымдастыру, Cash Flow есептеу).
  • Маркетингтік қызметтер (маркетинг және бизнес жобаның PR, маркетинг стратегиясын әзірлеу, промо материалдарды дайындау).
  • Техникалық кеңес беру (нөлден бастап жобаның техникалық базасын құру, жобаның қолданыстағы техникалық мүмкіндіктерін үйрену, техникалық тапсырмаларды құру).

Клиенттік және техникалық қолдау қызметтеріне арналған кешенді шешімдер

Клиенттерді тексерудің автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және деректерді өңдеу процесін оңтайландыру.
  • Клиенттердің тіркелгі деректері құру және өзгерту өтініштерін өңдеу.
  • Клиенттердің өнімдер мен қызметтерді қосу өтініштерін өңдеу.
  • Клиенттердің тіркелгі деректерінің заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру.
  • Клиенттердің өтініштерінің жеке параметрлерін тексеру және түзету.
  • Клиенттің тіркелгі деректерінің өзектілігін қадағалау.
  • Мақсаттық жіберілімдерді жасау.
  • Клиенттер бойынша есептілікті құру.
  • Реттеуіштер үшін есептілікті құру.
  • Биометриялық деректерге талдау жасау.
  • Анықтамалықтарды және өтінімдермен жұмыс істеудің жеке параметрлерін баптау.
  • Бағдарламалық өнімдердің, техникалардың жұмысқа қабілеттілігін және толықтай сапалы қызмет көрсетілуін қолдауға қатысты мәселелерді шешу.

Жүктемелік сынақтан өткізу, қосымшалардың тиімділігі мен өнімділігін модельдеу

Бағдарламалық қамтама және автоматтындырылған сынақтан өткізуді жүргізу.
  • Өнімділікті сынақтан өткізу (Performance testing).
  • Күйзелісті сынақтан өткізу (Stress testing).
  • Көлемді сынақтан өткізу (Volume testing).
  • Тұрақтылықты немесе сенімділікті сынақтан өткізу (Stability/Reliability testing).

Жаңалықтар ағындары мен деректерді агрегациялау

Құжаттарды автоматты топтастырудың заманауи технологиялары және оларды динамикалық ақпараттық ағындарға бейімдеу.
  • Ақпаратты экономикалық, заң және әлеуметтік салада локализациялау.
  • Ақпараттық-іздестіру жүйелерін Клиенттерді ақпараттық қолдаудың тиімді құралдары ретінде құру және дамыту.
  • Мониторингті және ақпаратты бейімделген біріктіруді ұйымдастыру.

Әзірлеушілерге арналған API

Сыртқы жүйелердің серверлермен қарым-қатынасы үшін API әзірлеу.
  • Брокерлер компанияларының жеке мұқтаждықтарына сәйкес теңшелетін API пішімдеу.
  • Сынақтан өту кезеңінде қолдау көрсету және әрі қарай API-мен біріктіру.
  • Техникалық қолдау және пайдалану режимінде сүйемелдеу.
  • Авторизациялауды және API (қауіпсіздік) токендеу механизмдерін кастомизациялау.