Бүгін ООО «СИМКОРД» активінен туындаушы ақпараттық ресурс құрудың қорытынды құжаты болып табылатын және Bitbon сандық активінің атрибуттары мен қасиеттерін, оның блокчейн технологиясы негізінде Bitbon Жүйесіндегі айналымының ережелері мен шарттарын белгілейтін Bitbon Хаттамасы жаңартылды. Мәселен, ООО «СИМКОРД» активі. №2 қосымшасына қосымша ақпарат енгізілді, бұл қосымша «Bitbon Жүйесі — Симкорд инфрақұрылымының активі» беймонетарлық активінің инвентарлық паспортынан қалыптастырылған көшірме болып табылады. Bitbon Хаттамасының жаңа редакциясына екі патент қосылды: «Мақсатты пайдалануға арналған ақшалай қаражатты табыстау бойынша транзакцияны іске асыру тәсілі» (№138628, 10.12.2019 ж.) және «Сандық активтерді табыстау жүйесі» (№139012, 10.12.2019 ж.). Аталмыш патенттер міндетті түрде «Украина зияткерлік меншік институты» (Укрпатент) Мемлекеттік мекемесінің Сандық патент кітапханасына енгізілді.
Бұдан басқа, қазірдің өзінде тіркеуді растау кезеңінде 20-дан аса елде 12 сауда маркалары мен патенттері бар, ал бұл Компанияның халықаралық деңгейде ілгерілеу жөніндегі жалпы стратегиясына сәйкес келеді. Зияткерлік меншіктің осынау нысандары Bitbon-ның қамтамасыздығын жоғарылатады.
Bitbon Хаттамасындағы өзгерістермен Сіз мына сілтемеге көшіп, таныса аласыздар:
https://www.bitbon.space/ru/bitbon-protocol