Bitbon Space сайтының жаһандық жаңаруына және Bitbon сандық активінің халықаралық құқықтық өріске енгізілуіне байланысты 2019 жылдың 9 желтоқсанында Киевтегі «Оазис» конференц-холлында «Bitbon Жүйесі эволюциясының келесі кезеңіне көшу» атты ақпараттық брифинг-тұсаукесер өтеді.
Іс-шара барысында Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь жаңа архитектурадағы Bitbon Space жаңарған сайтының тұсаукесерін өткізеді.
Іс-шараның бірінші бөлімінде қатысушыларға танысу үшін ұсынылады:
- Bitbon Жүйесінің құқықтық кеңістікте атқарылуын қамтамасыз ететін құжаттар: «Құқықтық реттеу нысаны ретіндегі сандық активтер» және «Bitbon Жүйесі атқарымының құқықтық табиғаты» ғылыми-құқықтық қорытындылары, сондай-ақ «Bitbon блокчейні токенінің сандық активке сәйкестігін диагностикалау» құқықтық қорытындысы;
- Bitbon Жүйесінің процестердің, бағыттардың және міндеттер дәрежелерінің оңтайлы жүйеленген White Paper-і;
- Жаңартылған Bitbon Хаттамасы және оған Қосымшалар.
Бұдан басқа, «Цифрлық активтер және оларды блокчейн технологиясының даму аясында экономикалық-құқықтық реттеу» монографиясының екінші шығарылымының тұсаукесері өтеді.
Іс-шараның екінші бөлімінде Александр Кудьпен ақпараттық брифинг өткізіледі, оның барысында қатысушылар сандық және ақпараттық экономика саласы бойынша сұрақтарға дәлелді де түбегейлі жауаптар ала алады, сондай-ақ заң шығарушылық қызметтің ерекшеліктері мен блокчейн технологиясын реттеудің заңнамалық процестері және Bitbon Жүйесінің даму болашағы туралы біле алады.
Акпараттық брифинг-тұсаукесерге қатысу үшін бөлінген орындардың саны шектеулі!
Тегін қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://www.bitbon.io/kiev/