2020 жылдың 25 наурызында Simcord компаниясы сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша қайталанған аудит өткізді.
Bureau Veritas Certification Holding SAS — UK Branch мамандары өткізген аудит сапа менеджментінің ішкі ұйымдастырылуы жөніндегі Компания міндеттерінің тиімді орындалатынын растады.
Аудиторлық компанияның өкілдері Simcord компаниясының қызметкерлері мен басшылығы менеджмент жүйесінің халықаралық деңгейін қолдауға жаппай тартылғанын, сондай-ақ сапа саласындағы мақсаттардың қатаң айқындалғанын және олардың ұстанылатынын атап өтті.
Сертификаттау расталғаннан кейін Компания басшылығы сапа менеджменті жүйесін дамытудың бағытын жалғастыру жөнінде шешім қабылдады, оның ішінде мыналарды жүзеге асыру арқылы:
- Компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша ай сайын «Сапа күндерін» өткізу;
- бағдарламалық өнімдер мен сервистер әзірлеу, өндіру және алып жүру үдерісіндегі қызметтердің сапасын арттыруға арналған жиі өткізілетін іс-шаралар;
- қызметкерлердің біліктілігн арттыру;
- Компанияның ішіндегі үдерістер бойынша аудиттер өткізу.
Компанияның ішкі аудиторлары сертификаттау талаптарына сәйкес 2019 – 2020 жылдарда:
- сапа менджментінің ішкі бақылау жүйесіне;
- тәуекелдерді басқару жүйесіне;
- корпоративтік басқару қағидаттарының орындалуына кәсіби талдау жүргізді.
Еске салайық: бұдан 2 жыл бұрын (06.04.2018 ж.) ISO 9001:2015 стандартына сәйкестік жөніндегі аудит қорытындылары бойынша Компания блокчейн технологиясы негізінде жоғары жүктемелі бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және өндіру аясындағы ғылыми-зерттеу қызметтері саласында сертификат алған болатын.
Simcord компаниясының ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкестігі — Компания жұмысының тұрақты сапасының көрсеткіші, сондай-ақ жылдам және табысты дамудың кепілі, ал бұл Клиенттер мен Серіктестіктердің оған деген сенімінің артуы үшін салмақты уәж болып табылады.