2018 жылғы 6 қарашада Нюрнберг қ. (Германия) Сауда-өнеркәсіптік палатасының конференц-залында неміс-украин экономикалық «Харьков — даму және инвестициялар» форумы өтті.
Бұл іс-шара Харьков қалалық кеңестің бастамасымен және Неміс-Украин өнеркәсіптік-сауда палатасы мен Нюрнберг қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен Харьковтың Экономика күні аясында өткізілді.
Харьков қалалық кеңес әкімшілігі және Харьков қалалық кеңесінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Simcord компаниясын форумға қатысуға шақырды.
Форумға Харьков қаласының қала басшысы орынбасары Татьяна Чечетова-Терашвили басшылығымен келген Харьков қалалық кеңесінің ресми делегациясынан басқа сонымен қатар Юрий Ярмилко (Украинаның Мюнхендегі Бас консулы), Армин Зигерт (халықаралық бөлім басшысы, Нюрнбергтің Сауда-өнеркәсіптік палатасы), Марко фон Добшуц-Дитль (Нюрнберг қаласының экономикалық бөлімі) және басқа құрметті қонақтар келді.
Іс-шараның бірінші бөлігі «Неміс-украин бизнес: ерекшеліктер және даму беталыстары» тақырыбына арналды (спикер — Александр Маркус, Неміс-Украин өнеркәсіптік-сауда палата басқарма төрағасы).
Форумның екінші бөлімінде Татьяна Чечетова-Терашвили Харьков қаласының экономикалық әлеуетіне, негізгі инфроақұрылымдық жобалар мен бизнес жүргізу үшін мүмкіндіктерге таныстырылым өткізді.
«Украинада неміс бизнесін жүргізу үшін құқықтық негіздер» — іс-шараның спикер Клаус Кесслер («Roedl & Partner» заң компаниясының адвокаты мен серіктесі, Киев қ.) өткізген үшінші бөлігінің тақырыбы.
Форумның төртінші «Харьков — бизнес жүргізу үшін ең жақсы мүмкіндіктер» бөлігінде іс-шараға барлық қатысушыларымен осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен бөліскен, алған нәтижелері мен өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы әңгімелеп берген украин және неміс бизнестің өкілдері сөз сөйледі.
Simcord компаниясының делегациясы өнеркәсіптің әртүрлі салаалрындағы заманауи әзірленімдердің, сонымен қатар жалпы ел мен Харьков қ. бойынша IT-компаниялардың өсуін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер мысалында Украинадағы жоғары технологиялық бизнестің дамуына қысқаша шолу ұсынды.
Simcord компаниясының сыртқы экономикалық қызметі бойынша Директоры Михаил Петряев пен Simcord компаниясының бағдарламалық жасақтауды әзірлеу департаменті Директоры Андрей Цегельник Simcord компаниясының қызметінің негізгі жобалар мен бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар форумға қатысушыларға Харьков қаласының IT-индустриясының дамуының негізгі бағыттарын көрсетті.
«Харьков — даму және инвестициялар» форумы іскерлік кездесулер аясында Simcord компаниясы белсенді қатысқан B2B келіссөздермен аяқталды.
Харьков және Нюрнберг туыстас қалалар арасындағы ынтымақтастық туралы толығырақ, сілтеме бойынша өтіп, білуге болады.