Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
«Симкорд» компаниясы ISO 9001:2015 халықаралық стандарты бойынша ресертификаттаудан өтті
Бөлісу:

«Симкорд» компаниясы ISO 9001:2015 халықаралық стандарты бойынша ресертификаттаудан өтті

2021 жылдың сәуірінде «Симкорд» компаниясы блокчейн технологиясы негізінде жоғары жүктелген бағдарламалық шешімдер әзірлеу және өндіру аясы бойынша ғылыми-зерттеу саласындағы ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ресертификаттауынан өтті.

Bureau Veritas Certification Holding SAS — UK Branch компаниясының мамандары жүргізген екінші аудит көрсеткеніндей, «Симкорд» компаниясы сапа менеджментін ішкі ұйымдастырудың барлық жаңартылған талаптарына сай келеді. Сертификаттаудан өту барысында төменгі бағыттар бойынша бірқатар өзгеріссіз жоғары көрсеткіштер тіркелді:

  • әзірленетін бағдарламалық өнімдер мен қызмет көрсетілетін сервистердің сапасын жақсарту;
  • қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру;
  • бірлескен басқару қағидаттарын орындау және дамыту;
  • операциялық және жобалық тәуекелдерді төмендету әдістерін қолдану.

ISO 9001:2015 халықаралық стандарт бойынша ресертификаттау рәсімінен өту «Симкорд» компаниясында блокчейн технологиясы негізінде жоғары жүктелген бағдарламалық шешімдер әзірлеу және өндіру аясы бойынша ғылыми-зерттеу саласында сапа менеджменті бар екендігін дәлелдеді.