Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Simcord компаниясы сапа менеджменті жүйесінің жоспарлы аудитінен сәтті өтті
Бөлісу:

Simcord компаниясы сапа менеджменті жүйесінің жоспарлы аудитінен сәтті өтті

Simcord компаниясы бақылау аудитінен өтті және өзінің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады. Аудитті Bureau Veritas Certification Holding SAS — UK Branch компаниясының жетекші аудиторлары өткізді.

Аудит 2019 жылдың 19–20 наурыз кезеңінде өтті. Тексеру барысында ISO 9001:2015 стандартының сапа менеджменті жүйесі саясатының талаптарын сақтау тұрғысынан жоғары деңгейде орындалған міндеттердің нәтижелері көрсетілді. Аудиторлық компанияның мамандары жобалық команданың жоғары дайындық деңгейін және Simcord компаниясының стандарттың халықаралық құқықтық және нормативтік талаптарына сәйкестігін баса айтып өтті. Келесілер ерекше атап өтілді:

  • Компания қызметкерлерінің және жетекшілерінің сапа менеджменті жүйесін сақтау және жетілдіру процесіне қатысуы.
  • Сапа саласында саясатты және мақсаттарды анықтаудың мұқияттылығы.
  • Қызметкерлердің жоғары біліктілігі.
  • Бағдарламалық өнімге негізгі талаптарды егжей-тегжейлі анықтап алу.
  • Менеджмент жүйесі процесіндегі әдісті өнімді жүзеге асыру. Бұл Simcord компаниясының жоғары технологиялық өнімдерінің жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Ішкі және сыртқы нарықта жетекші позицияны алуға талпыну.

Simcord компаниясы ISO 9001:2015 стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алғаннан бері келесі көрсеткіштер жақсартылды:

  • Компанияның әртүрлі іс-әрекет бағыттары бойынша ай сайынғы «Сапа күндерін» өткізу.
  • Компания бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын дайындау және жүргізу ISO 9001:2015 халықаралық стандартының жаңа нұсқасының талаптарына сай өткізіледі.
  • Бағдарламалық өнімдерді және қызметтерді әзірлеу, жасау және қолдау барысында қызметтердің сапасын жақсартудың жоспарлы іс-шараларын уақтылы жүзеге асыру.
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
  • Түзетуші әрекеттер қабылданған сапа жөніндегі басшылыққа сай жүзеге асырылады.

Аудитті өткізу нәтижесінде Simcord компаниясы сынау, тексеру және сертификаттау қызметтерін көрсетудің әлемдік жетекшісі болып табылатын Bureau Veritas компаниясының объективтік бағасын алды және қолданыстағы Компания менеджмент жүйесіндегі бизнес-процестердің халықаралық стандарттауға сәйкестігін растады. Осылайша, Компания өзіне қатысты сенімді, халықаралық құқықтық және нормативтік талаптарға сәйкестік статусын бекітті.

ISO 9001:2015 стандарты бойынша сапаны басқару принциптерін қолдана отырып, Simcord компаниясында сертификатталғкан ішкі аудиторлар келесі бағыттар бойынша жоспарлы ішкі аудитті өткізді:

  • Ішкі бақылау жүйесін тексеру.
  • Қауіптерді басқарудың тұтас жүйесін әзірлеу, оның жұмысын талдау, қауіптерді азайту іс-шараларын жасау.
  • Корпоративтік басқару принциптерін сақтауды бақылау.

Ішкі аудиттің нәтижелері бойынша бизнес-процестерді жақсарту жоспары жасалды, қажетті өзгерістердің критерийлері және орындау мерзімдері анықталды.

Өткен жылы (06.04.2018) аудит қорытындылары бойынша Simcord компаниясы блокчейн технологиясының негізінде жоғары жүктемелі бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және өндіру аясындағы ғылыми-зерттеу қызметтері саласында ISO 9001:2015 стандартына сәйкестік сертификатын алғанын естеріңізге саламыз.

ISO 9001 стандарттар сериясы бойынша сертификаттау Компания жұмысының тұрақты сапасының көрсеткіші және оған Клиенттер мен Серіктестердің сенімінің артуына салмақты дәйек, сондай-ақ жалпы Компанияның тез және табысты дамуының кепілдігі боылп табылады.