Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы Құқықтық шешімдер ғылыми-зерттеу орталығының дөңгелек үстелі
Бөлісу:

Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы Құқықтық шешімдер ғылыми-зерттеу орталығының дөңгелек үстелі

2019 жылдың 11 желтоқсанында Киев қаласындағы «Украина үйі» Халықаралық конгресс-орталығының ғимаратында бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы Құқықтық шешімдер ғылыми-зерттеу орталығының «Блокчейн құралдарының стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтеді.

Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы Құқықтық шешімдер ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы шешім 2019 жылдың қыркүйегінде ІІІ Харьков халықаралық заң форумының аясында өткен «Сандық активтердің болашағы: қаржылық-құқықтық көзқарас» панельдік пікірсайысының қорытынды хаттамасымен бекітілген болатын. Орталықтың қызметі мемлекеттік басқаруға блокчейн технологиясын енгізуге, сондай-ақ Украинада блокчейн технологиясын пайдалануды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың терминологиясын, категориялық аппаратын әзірлеуге және жүйелеуге бағытталған.

Дөңгелек үстел өткізу кезінде блокчейн технологиясы жұмысының негізгі қағидаттары мен оның валюталық және қаржылық өзара қатынастарға ықпалы талқыланады. Және де, талқылау барысында Украинаны цифрландыру жобасын жүзеге асыруға арналған жаңа заңнамалық бастамалар мен нормативтік құжаттаманы әзірлеу және енгізу бойынша бұдан арғы қадамдар айқындалатын болады.

Дөңгелек үстелді Украина Ұлттық құқықтық ғылымдар академиясының өкілдері Николай Кучерявенко мен Евгений Смычок және Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь жүргізеді.

Отырысқа Украина ғылыми қауымдастығының, негізгі мемлекеттік қызметтер мен ведомстволардың, IT-сектордың және бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Пікірсайыс үш бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Блокчейн токенінің табиғаты: техникалық және құқықтық құрамдас бөліктері.
  • Блокчейннің негізгі құралдарын айқындауға қазіргі көзқарастар мәселесі және сол құралдардың нормативтік-құқықтық база қалыптастыруға ықпалы.
  • Мемлекеттік басқарудың қазіргі үлгісін өзгерту үшін негіз ретіндегі блокчейн технологиясы.

Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы Құқықтық шешімдер ғылыми-зерттеу орталығының «Блокчейн құралдарының стандарттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің қатысушысы болыңыз және заңнамадағы өзгерістер мен Украина экономикасын диджитализациялау жобасын іске асыруға арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу туралы ең көкейкесті ақпаратты білу мүмкіндігіне ие болыңыз.

Оқиға және пікірсайыс тақырыптары туралы толық ақпарат алуға және қатысу үшін тіркелуге мына сілтеме бойынша мүмкіндігіңіз бар: https://www.blockchainukraine.org