Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығы дөңгелек үстелінің қорытындылары
Бөлісу:

Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығы дөңгелек үстелінің қорытындылары

2019 жылдың 11 желтоқсанында Киев қаласында Халықаралық «Украина үйі» конгресс-орталығында «Блокчейн құралдарының стандарттары» тақырыбына арналған Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығының дөңгелек үстелі өтті.

Здание Международного конгресс-центра Украинский дом

Дөңгелек үстел Украина құқықтық ғылымдар ұлттық академиясының, «Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер ҒЗО» қоғамдық ұйымының және Simcord компаниясының қолдауымен өтті. Дөңгелек үстелдің жүргізушілері Ярослав Мудрый атындағы Ұлттық заң университетінің өкілдері Николай Кучерявенко және Евгений Смычок, сондай-ақ Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь болды.

Круглый стол в Международном конгресс-центре Украинский дом

Дөңгелек үстел өткізуге бастамашы болған Ғылыми-зерттеу орталығының қызметі Украинадағы блокчейн технологиясын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттардың категориялық аппаратын, терминологиясын әзірлеуге және жүйелеуге, сондай-ақ блокчейн технологиясын мемлекеттік басқаруға енгізуге бағытталған.

Отырыста блокчейн технологиясы қызметінің негізгі принциптері, блокчейн токенінің құқықтық негізі мен оны реттеу, және де блокчейннің негізгі құралдарын һәм олардың нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға ықпалын айқындауға деген қазіргі көзқарастар мәселесі талқыланды. Қатысушылар, сондай-ақ, Украинада үлестірілген тізілімдеме технологиялары негізінде ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығын дамыту үшін жаңа заңнамалық бастамалар мен нормативтік құжаттаманы әзірлеу және енгізу бойынша бұдан былайғы қадамдарды айқындады.

Модераторы круглого стола (А. Кудь, Н. Кучерявенко, Е. Смычок) и участники

Оқиға, қатысушылар және пікірсайыстың негізгі тақырыптары туралы толық ақпаратты Сіз мына сілтемеден ала аласыз: https://www.blockchainukraine.org

«Блокчейн құралдарының стандарттары» дөңгелек үстелі отырысының соңында қорытынды хаттамаға қол қойылып, онда төмендегідей шешімдер қабылданды:

  • Украинада үлестірілген тізілімдеме технологиялары негізінде ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығының Экономикалық-құқықтық реттеу доктринасын жасау жөнінде алаң ұйымдастыру;
  • аталмыш алаңды құру бойынша қатысушыларды оның мүмкіндіктері мен пайдалану шарттары туралы хабардар ету;
  • болашақ Доктринаны әзірлеуде «Сандық активтер және оларды блокчейн технологиясының даму аясында экономикалық-құқықтық реттеу» монографиясында ұсынылған терминологиялық аппарат пен әдістемені пайдалану керек.

Бұдан басқа, 2020 жылдың сәуірінде Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығы мүшелеренің кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды, онда Украинада үлестірілген тізілімдеме технологиялары негізінде ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығының Экономикалық-құқықтық реттеу доктринасы бекітілетін болады.

Халықаралық дөңгелек үстелдің қорытынды хаттамасымен Сіз келтірілген сілтемеге көшу арқылы таныса аласыз: https://www.blockchainukraine.org/itogovyj-protokol-mezhdunarodnogo-kruglogo-stola-standarty-instrumentov-blokchejna.pdf