Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
2019 жылдың қорытындылары
Бөлісу:

2019 жылдың қорытындылары

Халықаралық ауқымдағы Bitbon Жүйесі жобасының жүйелі маркетингіне және инфрақұрылымын дамытуға арналған 2019 жыл мәресіне жетті... Бұл жылды шын мәнінде көптеген оқиғаларға толы және тіпті Simcord компаниясының бұдан былайғы бүкіл даму жолын айқындай алатын жыл деп атауға болады.

Осындай оқиғалардың бірі 2019 жылдың 11 желтоқсанында Киев қаласында өткен, «Блокчейн құралдарының стандарттары» тақырыбына арналған Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығының халықаралық дөңгелек үстелі болды. Дөңгелек үстелде үлестірілген тізілімдеме технологияларын енгізудің көкейтесті мәселелері мен блокчейн технологияларын қолданғанда пайда болатын өзара қарым-қатынастарды реттеу қажеттігі көтерілді және талқыланды. Ал қатысушылардың алған әсеріне келсек – «жүз естігеннен бір көрген артық» деген қағидаға көз жетті!

Компания бірқатар мемлекеттік мекемелермен, мәселен, Украинаның Құқықтық ғылымдар ұлттық академиясымен ресми ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі ғылыми-құқықтық қорытындылар болды, олар Bitbon Жүйесінің құқықтық негізін бекітетін басқа да құжаттармен қатар Bitbon Хаттамасына жекелеген қосымшалар болып табылады. Компания сондай-ақ аталмыш ынтымақтастық аясында «сандық актив» ұғымын әзірлеудің және халықаралық-құқықтық өріске енгізудің бастамашысы болды, бұл жердегі оның мақсаты – қандай да бір криптоқұралды нақ сандық актив немесе криптовалюта ретінде қандай критерийлер және қасиеттер арқылы анықтауға болатынын нақты белгілеу.

Bitbon Жүйесінің көптеген Қатысушылары 2020 жылды асыға күтуде, өйткені Компания Bitbon Жүйесінде майнингке бастау беруді және Bitbon-нің әлемдік биржаларға шығуын жүзеге асыруды жоспарлады. Осыған байланысты жыл бойы Simcord компаниясының атынан шеберлік сыныптары, тренингтер мен семинарлар өтті, мысалы Рига қаласында (Латвия) Bitbon Жүйесі бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.

Харьковский Межжународный Юридический Форум

Бүгінгі күннің өзінде «сандық актив» ұғымының анағұрлым жетілген тұрпаттағы экономиканы — негізі жалпыға ортақ эквивалент, яғни сандық актив түрінде басқару болып табылатын блокчейн технологиясы негізіндегі ақпараттық экономиканы — дамыту үшін зор маңызы бар, осыны түсіне отырып, Компания ғылыми-зерттеу жұмыстарының кешенін жүргізді. Мұның нәтижесінде ғылыми мақалалар жарық көрді, солардың ішінде ««Сандық актив» ұғымын негіздеу: экономикалық-құқықтық аспект» атты еңбекті, сондай-ақ «Сандық активтер және оларды блокчейн технологиясының даму аясында экономикалық-құқықтық реттеу» монографиясының бірінші және екінші (едәуір толықтырылған) шығарылымдарын бөліп айтқан абзал.

Монография

Биыл біздің ресурстарымыз түбегейлі өзгерді: Simcord компаниясының ресми сайтының құрылымын және Bitbon Жүйесінің ресми ақпараттық ресурсы — Bitbon Space сайтын оңтайландыру үшін жаңа бөлімдер қосылды және жалпы анағұрлым жетілген интерфейс жүзеге асырылды. Және Bitbon Space сайтының өзгертілуі Bitbon Жүйесінің негізіндегі функционалдық мүмкіндіктерді іске асыру үшін озық техникалық және ақпараттық құрылымда да қамтылды.

Simcord компаниясының бірнеше ауқымды халықаралық іс-шараларды, мысалы, III Харьков халықаралық заң форумын және Үлестірілген тізілімдеме технологияларын пайдалану саласындағы құқықтық шешімдер Ғылыми-зерттеу орталығының дөңгелек үстелін бірлесіп ұйымдастырушы ретіндегі рөлін ерекше атап өту керек. Аталмыш іс-шараларда Компанияның IT-құқық саласындағы және сандық актив саласындағы мамандары баяндамалар жасады.

Информационный брифинг-презентация Переход к следующему этапу эволюции Системы Bitbon

Сөз соңында Simcord компаниясының 2020 жылға арналған қызмет бағытының белгіленгенін, міндеттердің қойылғандығын және олардың Компания дамуының кезеңдеріне сәйкес іске асырылатындығын айтқан ләзім. Алда, шынында да, аса қызықты жыл тұр, біз жаңалықтарда міндетті түрде өз жетістіктеріміз туралы айтатын боламыз. Simcord компаниясы туралы ең қызықты дүниелерді оқыңыздар – біздің істерімізден хабардар болыңыздар!