Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ереже. 2.1 нұсқасы
Бөлісу:

Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ереже. 2.1 нұсқасы

2019 жылы Simcord компаниясы бизнес-ортадағы қарқынды өзгерістерге бейімделудің қажетті деңгейімен бірге басқару құрылымының икемділігін қамтамасыз етуге ұмтылысты басшылыққа алып, «Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ережені» іске қосты. Бұл оқиға, басқасын айтпағанда, жобалар мен бағыттар аясында Компания қызметінің әрқилы түрлерін енгізуге ғана емес, жаңа жағдайдағы сыртқы орта факторларының өзгеруіне дер кезінде әрекет етуге де мүмкіндік берді.

Басқарудың түзілген үлгісі бүгінде Компанияға өзінің өндірістік әлеуетін сақтауға, барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жаһандық мақсаттарға қол жеткізу мен дамудың қарқынын сақтау мақсатында белгіленген мерзімдерде алда тұрған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Бұл жерде біз жұмысымыздың әр кезеңінде Simcord компаниясының басқару құрылымын жетілдіру үшін қандай да бір нақты негіздеулер тауып отырамыз, ал бұл Компанияға өз жұмысын тиімділіктің күтілетін көрсеткіштеріндегідей жүргізуге мүмкіндік береді. Аталмыш негіздеулер «Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ережесіне» өзгертулер енгізу қажеттігін қарастырудың алғашқы себебі болды және осының салдары ретінде тиісті өзгерістердің негізін құрады.

Бүгін Компанияның ресми ақпараттық ресурсында Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ережесінің 2.1 көкейтесті нұсқасы жарияланды.