Өздеріңізге белгілі, қазіргі кезде Simcord компаниясы өз қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде бірегей инновациялық өнім — Bitbon Жүйесін әзірлеуді және ілгерілетуді белгілейді, ал бұл оның Пайдаланушыларына блокчейн технологиясы негізінде қоғам өмірінің барлық салаларында кез келген өзара қатынастар құруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Компания ресурстарына басымдық беру шеңберінде ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аясында, сондай-ақ Simcord компаниясы қызметінің негізгі бағыттары ескерілгенде Серіктестіктер мен Клиенттерге арналған басым мүмкіндіктер беру мен көкейтестілігіне байланысты бүкіл ағымдағы жобалар жеке талданған-ды.
Мәселен, біздің мамандар 09.09.2009 жылдың өзінде-ақ басталған Gelan Trawler жобасының жалпы тұжырымдамасын қарастырған болатын! Нақ осы жобаны іске қосу Компанияның көптеген өнімдері мен сервистерін бұдан ары жүзеге асырудың басы болған Simcord компаниясының коммерциялық бастау алуы ретінде қарастырылады. Сол өнімдердің ішінде Gelan Trawler сауда жүйесін, FxMarketWave толқындық талдау платформасын, iPro Marketplace сауда-талдау платформасын, iPA технологиясын әзірлеуді бөліп айтуға болады. Ендігі жерде Компанияның барлық ресурстары, оның бүкіл зияткерлік және өндірістік әлеуеті ең жаңа әдістер мен маркетинг құралдары арқылы Bitbon Жүйесін ілгер жылжытуға бағытталған.
Сонымен, Сіздерге http://www.gelantrawler.com/ сайтының, оның негізіне қаланған идеялар мен функциялардан туындайтын өз міндеттерін толық орындағанын және 2020 жылдың 22 мамырынан доменге қызмет көрсету уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Gelan Trawler жобасының барлық Клиенттеріне бізбен ынтымақтас болғаны үшін рахмет айтамыз!
Әлем бір орында тұрмайды. Жаңа құбылыстар, ғылыми ақыл-ойдың дамуы, адамзат жетістіктері және озық технологиялар — мұның бәрі мүлде жаңа философияның және соның салдары ретіндегі әр адам қатысушысы бола алатын мүлде жаңа нарықтар тұжырымдамасының қалыптасуының алғышарттары болды. Өйткені енді блокчейн негізіндегі тауарлар мен қызметтер нарығы, ақпараттық ресурстар нарығы сияқты нарықтар тек технологиялық жаңашылдығымен ғана емес, шынайы эволюциялық қыры бар әлеуметтік-экономикалық саланың ауқымды өзгеруімен сипатталады.
Біз Серіктестіктеріміз бен Клиенттеріміздің жұмыс ретін өзгерту үшін және блокчейн технологиясын кеңінен қолданумен бір мезетте басталған әлемдік қаржы жүйесін өзгертумен қатар өзімізге тек лайықты болашақ қана емес, табысты қазіргіні қамтамасыз ету үшін әртүрлі технологиялардың даму қарқынын қадағалап отырамыз және Компания ресурстарын неғұрлым келешегі зор салаларға бағыттау қажеттігін түсінеміз.