Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Өндірістік циклды сақтау жөнінде Simcord компаниясының ресми ұстанымы
Бөлісу:

Өндірістік циклды сақтау жөнінде Simcord компаниясының ресми ұстанымы

Simcord компаниясы SARS-CoV-2 коронавирусы тудырған COVID-19 (жаңа типтегі пневмония) ауруының лап етуі мен таралуына байланысты әлемде қалыптасқан жағдайға орай Компанияның өнімдері мен сервистерін пайдаланушыларға болып жатқан жағдай туралы ресми ұстанымын жеткізу, мәселен, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің толық функциялығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан іс-әрекеттер мен ескерту шаралары туралы хабардар ету қажет деп санайды.

Қазіргі кезде барлық елдерде коронавирусты жайылдырмауға, сондай-ақ оның таралу жылдамдығын төмендетуге және тоқтатуға бағытталған қажетті шаралар қабылдануда. Украинада үкімет деңгейінде тиісті шешімдер қабылданды, Simcord компаниясы осыған орай дер кезінде әрекет етуде:

  • Әлеуметтік бағдарламалар аясында Компанияның барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері алдан алу бағдарламасының қатысушыларына айналды.
  • Компанияның әр қызметкері үшін Компанияның бүкіл қажет ресурстарын тарта отырып, барынша ыңғайлы да қауіпсіз жағдайда жұмысқа келудің арнайы маршруты әзірленген.
  • Көптеген қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік берілген.
  • Компанияның барлық қызметкерлерінің денсаулығына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Барлық ұйымдастыру және технологиялық үдерістердің толық бақыланатындығының арқасында Simcord компаниясының өндірістік қуаты бұрынғыдай, өзгеріссіз қалып отыр және Компанияның COVID-19 пайда болғанға дейінгі барлық өндірістік циклын сақтауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Simcord компаниясы жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше, өз өкілдерімен және Серіктестіктерімен барлық бизнес-байланыстарын сақтауда. Мұның бәрі міндеттерді белгіленген мерзімдерде, Компанияның барлық өнімдері мен сервистерінің дәстүрлі жоғары сапасына қол жеткізе отырып орындауға бағытталған.