Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Bitbon Жүйесінде майнингті бастауға арналған Simcord компаниясынан шеберлік-сабағы
Бөлісу:

Bitbon Жүйесінде майнингті бастауға арналған Simcord компаниясынан шеберлік-сабағы

Bitbon Жүйесінде майнингті іске қосуға және Bitbon әлемдік биржаларға шығуына мүлдем аз уақыт қалды. Осы маңызды оқиғалардың тәжірибелік маңызын назарға ала отырып, Simcord компаниясы белсенді Серіктестіктер үшін Bitbon Жүйесі бойынша шеберлік-сабағын ұйымдастырады.

Бұл шеберлік-сабағы 2019 жылғы 7 және 9 шілде аралығында Рига (Латвия) қаласында өткізіледі, ал оны Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь жүргізеді.

Шеберлік-сабағының бағдарламасы үш бөліктен тұрады:

1. Simcord компаниясының қызметі: қорытындылар және жоспарлау

  • Simcord компаниясының 1-жарты жылдықтағы жұмыс қорытындылары.
  • One Space жаңа мобильді қосымшасының және жаңартылған Bitbon Space сайтының негізгі әзірленімдері презентациясы.
  • Компаниялардың 2019–2020 жылдардағы даму жоспарының презентациясы.
  • Басты жыл сайынғы Simcord Innovation Technologies 2020 Оқиғасын өткізу орнын талқылау.

2. Негізгі бағыттар бойынша оқыту

  • Экономикалық-құқықтық аспектідегі Цифрлық актив дегеніміз не.
  • Токендерді Цифрлық актив ретінде анықтауға арналған сынақтаманы пайдалану жолы.
  • «Цифрлық актив құқықтық реттеу нысаны ретінде» сараптамалық қорытындысын талқылау.
  • «Bitbon Жүйесінің атқарымының құқықтық негіздері» ғылыми-құқықтық қорытындысын қарап шығу. Толық талдау, қорытындылар.

3. Bitbon Жүйесіндегі майнинг

  • Bitbon Жүйесінің Блокчейні желісінде Community PoS алгоритмі бойынша консенсусты қамтамасыз ету принципі.
  • Серіктестік бағдарламасы бойынша байланыстырылған қолданыстағы пулдарға сыйақы беру жүйесін көрсету.
  • Майнингті сынақтан өткізуге арналған web-платформаны пайдалануды үйрету. Консенсусты қамтамасыз ету майнингі бета-сынағын өткізу тобының қатысушыларына платформаға қолжетімділікке арналған бірегей құпиясөздерді беру.

Консенсусты қамтамасыз ету майнингі бета-сынағын өткізу тобына қосылған 200 белсенді Серіктестікке Simcord компаниясының мамандары оның құралдарын пайдалануға қолжетімділікті беру мақсатында арнайы веб-платформаны әзірледі. Бұл 200 адамда барлық сынақтан өткізу мерзімінде веб-платфмораны пайдаланудың бірегей мүмкіндігі болады, оның ішінде: әр түрлі конфигурацияларда өз пулдарын құрастыру, сыйақыларды есептеу, төлем есептесулерін тексеру, сыйақылар көлемдерінің үлгісін жасау және болжау.

Бұл мүмкіндік Bitbon Жүйесінің Майнерлеріне Консенсусты қамтамасыз ету майнингін іске қосқанда шеберлік-сабағынан алған білімдері мен артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.