Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
UBK Markets компаниясын іске қосу
Бөлісу:

UBK Markets компаниясын іске қосу

Сіздерге 2011 жылғы 11 қарашадан бастап UBK Markets компаниясы — әлемдік қыржылық нарықта қызметтер көрсету саласындағы халықаралық деңгейдегі брокер өзінің коммерциялық қызметін ресми түрде бастағаны туралы хабарлаймыз.

UBK Markets компаниясы жоғары деңгейлі брокерлік қызметтерді Компания пайдаланатын бағдарламалық жасақтама негізіне салынған бірегей озық технологиялардың базасында ұсынады. Осы ПЖ қаржылық және инвестициялық салалар үшін арналған зияткерлік-талдамалы бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге мамандырылған Simcord компаниясымен ұсынылған.

Компанияның ресми іске қосылу сәтінен бастап Simcord компаниясының мамандары әзірлеген IPA стандартқа (Investment Percent Allocation) негізделген алғашқы инвестициялық стратегиялар қолжетімді болады. 2012 жылғы 16 мамырдан бастап толық жарамды іске қосылуы туралы біз жеке жаңалық жарияланымында хабардар ететін iPro Marketplace сауда-талдамалы платформасының бета-сынақтамасы басталады.

Сауда-саттық операцияларды жүргізу үшін UBK Markets ECN (Electronic Communication Network) стандартты — қаржы нарығында активтерді сатып алу-сату ордерлерінің орындаудың электрондық жүйесін пайдаланады, бұл Компания Клиенттеріне төмен комиссиялық шығындары мен ең жақсы бағалары бар жоғары сапалы сауда жағдайларын алуға мүмкіндік береді. ECN стандартының айтарлықтай артықшылығы — негізгі жүйенің қатысушыларының бүкіл өтемпаздығын қолдануға мүмкіндік береді.

UBK Markets приоритеті ретінде ашықтықты қамтамасыз етуді, басқару стандарттарын үнемі түрде жетілдіру және қаржылық қызметтер көрсету салында бизнес жүргізуді жатқызуға болады.