Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Алматыдағы ақпараттық брифинг
Бөлісу:

Алматыдағы ақпараттық брифинг

Simcord компаниясының даму кезеңдеріне, оның ішінде өзіміздің мамандар әзірлеген өнімдер мен сервистерді халықаралық дәрежеде жүйелі ілгерілетуге, сондай-ақ серіктестік қоғамдастықты кеңейтуге және Серіктестердің өзара пәрменді әрекеттестігін қамтамасыз етуге сәйкес Компания ағымдағы жылға әртүрлі қалалар мен елдерде бірқатар тақырыптық іс-шаралар өткізуді жоспарлады.

Simcord компаниясы 2020 жылда дәстүрлі түрде әртүрлі тақырыптар мен бағыттар бойынша түрлі семинарлар, оқыту тренингтерін және конференциялар өткізуді көздеп отыр. Мәселен, 2020 жылдың 16 ақпанында «Бақшасарай» Қабылдаулар үйінде (Алматы қаласы, Қазақстан) белсенді Серіктестер мен Bitbon Жүйесін Пайдаланушылар үшін ақпараттық брифинг ұйымдастырылатын болады, оны Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь өткізеді. Аталмыш брифинг Бас директор басқарған Компания делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында өтеді.

Брифингтегі талқылаулардың негізгі бағыттары:

  • Simcord компаниясының даму кезеңдеріне сәйкес қызметін үйлестіру және жоспарлау.
  • Сандық активтерді құқықтық реттеу үрдістері: халықаралық практика және тәжірибе.
  • Қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы блокчейн технологиясы негізінде өнімдерді енгізу динамикасы.
  • Bitbon Жүйесінің дамуын талдау: қарқыны, функциялығы және болашағы.
  • Bitbon Жүйесінің сервистері: пайдалану артықшылықтары, құралдары.
  • Сандық активтер негізінде жобалар әзірлеу және жүзеге асыру.
Өткізу уақыты: 16.02.2020 ж. 14.00 – 18.00.
Қатысушыларды тіркеу. 13.00 – 14.00.
Өткізу орны: Алматы қ., «Бақшасарай» Қабылдаулар үйі, 3-қабат, конференц-зал.

Ақпараттық брифингке келген әр қатысушы тек жаңа іскери байланыстар орнатып қана қоймай, құнды ақпарат, сондай-ақ әр бағыт бойынша өзін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

Брифинг және оған қатысу мүмкіндіктері туралы Сіз аталмыш іс-шараның үйлестірушісімен мына Email арқылы байланысып, біле аласыз: [email protected]