Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Bitbon Space сайтының жаһандық жаңаруы
Бөлісу:

Bitbon Space сайтының жаһандық жаңаруы

Толық жаңартылған сайт Bitbon Жүйесінің негізіне салынған тетіктер мен процесстер туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді, өйткені ендігі жерде ақпарат екі деңгейде беріледі — біреуі анағұрлым қарапайым және түсінікті де, екіншісі анағұрлым егжей-тегжейлі толық және техникалық тұрпатта.

Осынау жаңарудың нәтижесінде Bitbon Space тек заманауи эргономикалық дизайн мен ыңғайлы пайдалану интерфейсіне ғана емес, Bitbon Жүйесінің негізіндегі функционалды жүзеге асыруға арналған ілгергі техникалық және ақпараттық архитектураға ие болды.

Бұдан басқа, Bitbon Жүйесін дамытудағы ілгерілеуді анағұрлым толық көрсету мақсатында ұдайы толықтырылатын және жаңартылатын динамикалық ресурс ретіндегі Bitbon Жүйесінің White Paper-і жаңартылды.

Сайтта «Bitbon Хаттамасы» бөлімі қосылған, онда Bitbon Жүйесінің құқықтық негізін бекітетін құжаттар бар:

  • барлық қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес иеленушінің Bitbon-нің цифрлық активіне меншік құқын заңды түрде қорғауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын Bitbon Хаттамасы токеннің үлгісін, категориясын, қасиеттері мен түрін, бухгалтерлік анықтамасын, салық салынуын белгілейді, Bitbon-нің шынайы активтермен қамтамасыз етілуін растайды және Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есепте Bitbon-ді бейматериалдық актив (БМА) ретінде жіктеуге мүмкіндік береді, демек, Bitbon-ді күшіндегі халықаралық құқықтық өрісте пайдалануға мүмкіндік береді;
  • Bitbon Хаттамасының қосымшалары: ғылыми-құқықтық қорытындылар, Bitbon Жүйесінің Жария шарты және Bitbon Жүйесінің құқықтық негізін айқындайтын бірқатар құжаттар.

Сондай-ақ, Bitbon Жүйесінің әлеуметтік бағытталған ресурсы — One Space оңтайлы қосымшасы бойынша ақпарат қосылған, бұл ресурс өзіндік цифрлық активтерді басқаруға мүмкіндік береді, және де, болашақта қажетті функционалмен және қарым-қатынас жасау, бизнес жүргізу, инвесторлар тарту және Bitbon Жүйесін дамытуға қатысу үшін құралдар жиынтығымен толықтырылады.

Сөйтіп, жаңартылған Bitbon Space жарияланған материалдар арқылы Bitbon Жүйесін Пайдаланушыларының үлестірілген тізілімдеме технологиялары негізіндегі ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтердің жаңа нарығындағы экономиканың шынайы секторымен өзара әрекеттестік қағидаттары мен тетіктерін дұрысырақ түсінуге мүмкіндік береді.