Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Бейматериалдық актив ретіндегі Bitbon блокчейнінің токенін сатып алу-сату бойынша украиналық компаниялар арасында жасалған әлемдегі тұңғыш мәміле
Бөлісу:

Бейматериалдық актив ретіндегі Bitbon блокчейнінің токенін сатып алу-сату бойынша украиналық компаниялар арасында жасалған әлемдегі тұңғыш мәміле

Бүгін екі украиналық компания бейматериалдық актив ретіндегі Bitbon блокчейнінің токенін сатып алу-сату бойынша әлемде тұңғыш мәміле жасады. Project Consulting Group компанияcы Simcord компаниясынан құны 16757 грв (1 Bitbon 7 АҚШ доллары тұрады деп есептегенде бұл 700 АҚШ долларына тең) тұратын 100 Bitbon сатып алды, сөйтіп Bitbon Жүйесі сервистерінің қолжетімділік құқықтарына 0,0001% көлемінде кеңшілік беру жүзеге асырылды.

Оқиғаның ерекшелігі сонда, мәміле қазіргі құқықтық өріс аясында өтті және арнайы реттеу тетіктерін қажет етпеді.

Аталмыш мәміле кәсіпорынның шаруашылық қызметінде блокчейн технологиясын пайдаланудың орынды екендігін дәлелдеді. Сөйтіп, блокчейн токені ретіндегі Bitbon сандық активі 01.01.2012 жылғы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына (ХҚЕС, 38 «Бейматериал активтер») сәйкес бейматериал актив ретінде кәсіпорынның балансына қойыла алады.

Төменде Сіз мәміленің жасалғанын растайтын сатып алушының төлем тапсырмасымен және сатушының банктік көшірімімен таныса аласыз.

Аталмыш мәміленің тетіктері туралы Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь 2019 жылдың 9 желтоқсанында Киевте «Оазис» конференц-холлында өтетін ақпараттық брифингте толығырақ әңгімелейді.

Харьковский Межжународный Юридический Форум
Харьковский Межжународный Юридический Форум