Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Компания өнімдері мен сервистерін бағдарламалық  қамтамасыз етудің бастапқы кодтарын жариялауға арналған  GitHub Simcord репозиториін құру
Бөлісу:

Компания өнімдері мен сервистерін бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы кодтарын жариялауға арналған GitHub Simcord репозиториін құру

Өз қызметінде ашықтық пен айқындық қағидатын ұстана отырып, Simcord компаниясы GitHub-та — ашық бастапқы коды бар IT-жобалардың және оларды бірлесе әзірлеудің хостингіне арналған аса ірі сервисте – өз репозиториін құрды. Аталмыш репозиторийдегі алғашқы жарияланым Bitbon Жүйесінің нодын бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы коды болды.

IT-өнімдерді дамытудағы және ілгерілетудегі мұндай көзқарас ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін ұтымды шешім болып табылады, өйткені бұл әзірлеу жұмыстарына қатысу үшін дүние жүзінен мамандар мен пайдаланушылар қауымдастығын тартуға, сондай-ақ мүдделі адамдарға бағдарламалық кодтармен танысуға мүмкіндік береді.

Simcord компаниясының даму стратегиясына сәйкес бұдан әрі GitHub-репозиторий Компания әзірлейтін өнімдер мен сервистер компоненттерінің және модульдарының бастапқы кодтарын жарялау үшін пайдаланылады.

GitHub-тағы Simcord репозиториіне мына сілтеме бойынша ауысуға болады: https://github.com/simcord-llc/bitbon-system-blockchain.