Мәскеуде Еуропадағы ең үлкен Блокчейн форумы мен криптокөрмесі өтті — Decenter Cryptoevent Moscow 2018. Бұл іс-шараға 10 000-нан астам қатысушы, 100 халықаралық компания, 100-ден астам журналист, сондай-ақ криптовалюта және ICO саласындағы 60 сарапшы қатысты.
Simcord компаниясының бас директоры Александр Кудь Мәскеуде қазіргі заманғы цифрлық экономиканы дамытудың жаңа трендтері мен бағыттары туралы пікір қалыптастыру үшін және түрлі компаниялар мен мемлекеттердің өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізу үшін барды.
Швейцариядағы Ресей Федерациясының құрметті Консулы Карл Экштайнмен кездесу аясында Швейцарияда криптовалютаны реттеудің ерекшеліктері қарастырылды. Карл Экштайн Bitbon Жүйесінің тұжырымдамасына қызығушылық білдірді, ол бұл технологияның Швейцария заңнамасының барлық қолданыстағы нормаларына толығымен сәйкес келетіндігін ерекшеледі және өз тарапынан мүмкін болатын заңды мәселелерді шешуге және Швейцарияның қаржы және нақты секторымен қарым-қатынасқа өз көмегін ұсынды.
Кудь Александрдың Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Аппарат Басшысының кеңесшісімен кездесуі жемісті өтті. Әлемдік экономикадағы соңғы үрдістерге байланысты Қырғыз Республикасының үкіметі Блокчейн технологиясын пайдалануға, «Таза Коом» цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыруға қызығушылық танытты. Bitbon Жүйесі Қырғызстан делегациясының қызығушылығын тудырды, ал кездесу барысында Қырғызстан экономикасына Контрибьютинг және Bitbon Жүйесін енгізу арқылы қаржыны тарту мәселелері белсенді түрде талқыланды.
Сонымен бірге Александр Александрович мәні Белоруссия аумағында Блокчейн-технологиялар және криптовалюталар саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге бейілді қарым-қатынаста болып табылатын белорусстық «Цифрлық экономиканы дамыту туралы» декреттің авторларының бірі Денис Алейниковпен сұхбаттасты. Bitbon Жүйесі шеңберінде Simcord компаниясының алдағы міндеттерін орындау мақсатында Беларусь Республикасының арнайы экономикалық аймағы болып табылатын Жоғары Технологиялар Саябағының (ЖТС) мүшесі мәртебесін алу қажет. Bitbon Жүйесінің негізгі жұмыс істеу қағидаларымен танысқаннан кейін Денис Алейников Simcord компаниясымен ынтымақтастықты тұрғызуға, аудит жүргізуге және Белорусиядағы цифрлық құндылықтары (криптовалюталар) бар биржалық қызмет облысындағы ЖТС қатысушысы мәртебесін алатын алғашқы компания болуға көмектесуге дайын екендігін айтты.
Ресей Президентінің интернетті дамыту сұрақтары жөніндегі кеңесшісі Герман Клименко Кудь Александрмен әңгімелескен кезде Блокчейн технологиясы туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді, цифрлық экономиканы дамытудың заманауи үрдістері туралы айтып берді және Ресей Федерациясының криптовалюта мен цифрлық Активтерді реттеуге қатысты юрисдикциялардың арасында көшбасшы орынға ие болуға бел байлаған маңыздылық деңгейін белгіледі, заң жобаларының бүтін қорын құру осыған дәлел.
Пайдаланушыларды Bitbon Жүйесінің барлық мүмкіндіктерімен таныстыру және дамыту мақсатында, семинарларды өткізу, ассоциацияларға қатысу және цифрлық Активтер нарығындағы (криптовалюталар) реттелетін компанияның мәртебесін алумен ассоциацияларға қатысу үшін Simcord компаниясы өзінің өкілдігін Ресей Федерациясы аумағында, Мәскеу қаласында ашу рәсіміне бастамашылық етті.
Конференцияның қорытындысы бойынша Simcord компаниясының Активтерге меншік құқығын басқару және ұжымдық инвестицияларды басқарудың жаңа тәсілдері (Контрибьютинг) саласындағы Блокчейн-технологияларды дамытудың дәл ортасында екендігі расталды. Decenter Cryptoevent Moscow 2018 конференциясында компаниялар ұсынған ұсыныстардың ешқайсысы Bitbon Жүйесіне енгізілген әлеуетке жетпейді, мұны кездесулер кезінде конференцияға қатысушылар және Кудь Александрмен әңгімелескен адамдар бірнеше рет атап өтті.
Конференция туралы толығырақ ақпаратты сіз https://cryptoconf.su/ сайтынан ала аласыз.