Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Bitbon Space ұтқыр қосымшасы өз жұмысын тоқтатады
Бөлісу:

Bitbon Space ұтқыр қосымшасы өз жұмысын тоқтатады

2020 жылдың 10 наурызынан Bitbon Space ұтқыр қосымшасы өз жұмысын тоқтатады. Бұл ең алдымен Bitbon Жүйесінің әлеуметтік бағытталған ресурсы — One Space жаңа ұтқыр қосымшасының белсенді дамуымен байланысты.

Bitbon Жүйесінің даму кезеңдеріне сәйкес, таяудағы уақытта One Space ұтқыр қосымшасының функционалы қарым-қатынас орнату, бизнес жүргізу, майнинг және Bitbon Жүйесінің сандық активтері базасында ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығын дамытуға қатысу үшін құралдар жиынтығымен толықтырылатын болады. Бұл One Space қосымшасы анағұрлым үлкен функционалға ие болады деген сөз, ол келешекте Bitbon Жүйесінің Пайдаланушыларына тек бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға ғана емес, сандық активтер арқылы өз мүлкін басқаруға да мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әлі One Space жаңа ұтқыр қосымшасын орнатпаған Bitbon Жүйесінің барлық Пайдаланушыларына оны Google Play-ге және App Store-ге тегін көшіруді және орнатуды ұсынамыз. Содан соң енді маңыздылығы жоқ Bitbon Space қосымшасын жоюға болады.

Біз Bitbon Жүйесінің Пайдаланушылары One Space жаңа қосымшасының барлық артықшылықтарын лайықты бағалайды деп сенеміз.

Bitbon Жүйесіндегі барлық оқиғалардан хабардар болу үшін One Space ұтқыр қосымшасындағы біздің жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыз!