Бүгін Жол картасына сәйкес жүзеге асырылатын Bitbon Жүйесінің даму кезеңдерімен байланысты «Bitbon Хаттамасы» ақпараттық ресурсының ауқымды жаңаруы өтті. Жүйенің жаңа компоненттерін және сервистерін әзірлеу нәтижесінде жаңа ұғымдардың мәні мен маңызын айқындау ғана емес, осы кезге дейін пайдаланылып келген терминдерді солармен сәйкестендіру қажеттігі пайда болды.
Сөйтіп, 38 жаңа терминнің анықтамалары әзірленді, осы кезге дейін пайдаланылып келген 58 терминге толықтырулар енгізілді, сондай-ақ терминологиялық аппараттың дамуына байланысты 8 термин жойылды.
Өздеріңізге мәлім, Bitbon Жүйесінде жүзеге асырылатын процестерді реттеу принциптерін белгілеу Bitbon Жүйесінің бірінші Операторы ретіндегі «Симкордтың» әуел бастан маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Өз кезегінде, Жүйенің жаңа сервистері мен компоненттерін әзірлеу және іске қосу Bitbon Жүйесінің және Жария келісімшартының Қосымшаларына тиісті толықтырулар мен анықтаулар енгізілуін заңды түрде талап етеді.
Осылайша, Bitbon Жүйесінің Жария келісімшартының 37 Ережесіне анықтаулар енгізілді, ал Қосымшалардың тізімі 26 атауға дейін кеңейтілді. «Bitbon Жүйесіндегі майнинг» Қосымшасы құрастырылды және жария етілді, сондай-ақ «Bitbon Жүйесінің Жария келісімшартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» Қосымшасына анықтаулар енгізілді.
«Bitbon Жүйесі — Симкорд инфрақұрылымының активі» монетарлық емес активінің инвентарлық паспорты да жаңартылды. Оның құрамына 4 жаңа сауда маркасы енгізілді, сондай-ақ Ресейде тіркелген «Сандық құндылықты табыстау бойынша транзакцияны жүзеге асыру тәсілі және оны жүзеге асыруға арналған сандық құндылықтарды табыстау жүйесі» патенті қосылды.
Бұдан басқа, Bitbon Хаттамасының №4 Қосымшасының маңыздылығы арттырылды және оның атауы «Bitbon Жүйесінің сервистеріне қол жеткізу құқығына қайта жол беру туралы келісім» болып өзгертілді.
Осыған қосымша, Сіздің Bitbon Жүйесінің ресми ақпараттық ресурстарының мазмұнын дұрыс түсінуіңіз үшін біз терминдердің астын арнайы [i] сызып бөлдік, бұл басқа да айтылатын дүниелермен бірге ақпараттың қабылдануын анағұрлым оңайлатады.
Енгізілген өзгерістердің толық тізімімен Сіз «Симкорд» АҚБ-ның Бас директоры қол қойған «Bitbon Хаттамасының» ақпараттық ресурсын оған толықтырулар енгізу арқылы қалыптастыру туралы Бұйрықпен, https://information-resources.bitbon.space/pdf/prikaz-o-formirovanii-informatsionnogo-resursa-protokol-bitbon-putem-ego-dopolneniya.pdf ауыса отырып, танысуыңызға болады.