Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Байланыстардың әрекет ететін қағидалары барлық қызметкерлердің және жалпы Компанияның әлеуметтік жауапты іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл сыртқы және ішкі имидждің үйлесімді сәйкес келуіне қол жеткізуге жағдай жасады.
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord

Оқытатын және ынталандыратын бағдарламалар

Өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп Компания барлық қызмет бағыттары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды санайды.

Қызметкерлерді ішкі қамтамасыз ету үшін Компания Компания құрамының мамандары немесе шақырылған коуч-жаттықтырушылар өткізетін семинарлар мен тренингтерді ұйымдастырады.


Әр түрлі елдердегі конференцияларға бару шетелдік әріптестердің тәжірибесін алумен бірге қызметкерлердің кәсіби өсу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ынталандырушы бағдарламаларға қатысуға тарту қызметкерлердің Компанияға бейілді қарым-қатынасының дамуына жағдай жасайды.

Еңбек шарттарын жақсарту

Максималды жағымды еңбек шарттарын қалыптастыру мақсатында жұмыс орындары заманауи кеңселік жиһазбен және техникамен жабдықталған.


Кеңсені жасылдандыру мен климат-бақылауды сақтау жалпы жұмыс күні ішінде қызметкерлер үшін жағымды эмоционалды атмосфераны қамтамасыз етеді.

Компанияның ішіндегі психолог әріптестеріне психологиялық теңдікті сақтауға көмектеседі, ал ыңғайлы демалыс бөлмелерінде әрбір қалайтын адам ойын жинастыра және жәй ғана демала алады.

Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord
Simcord

Қызметкерлерді басқару

Simcord компаниясында психологиялық және зияткерлік тесттер және кәсіби сипат дағдыларын растау арқылы әңгімелесуде кандидаттардың мұқият іріктеуден бастап қызметкерлерді басқаруға үлкен назар аударылады.


Қызметкерлермен жұмысты бақылау жоғары деңгейге қойылған, бұл туралы статистикалық көрсеткіштер мен қызметкерлерді ынталандырудың өткізіліп жатқан ішкі бағдарламалары куәлік етеді.

Конференцияларды ұйымдастыру және қатысу

Simcord компаниясы Компания мамандары қатысушылармен ең өзекті ақпаратпен және бірегей тәжірибемен бөлісетін тақырыптық семинарларды, сондай-ақ конференциялар мен брифингтерді жүйелі түрде ұйымдастырады және өткізеді.

Кездесулерде Компанияның жаңа сандық әзірлемелерімен қолданымдағы қаржылық технологиялардың артықшылықтары мен келешегі туралы айта отырып, біз ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін үдемелі қоғамдастыққа белсенді, ойшыл адамдардың бірігуіне жағдай жасаймыз.

Корпоративтік іс-шаралар

Simcord компаниясының жалпы ұжымының бірге және ұйымшыл болуы үшін басты мақсаты тиімді топ құру болып табылатын әр түрлі тақырыптық Team Building жүйелі түрде жүргізіледі.

Мерекелік жағдай қызметкерлердің психологиялық босаңсуына және сенімділікті орнатуға ғана емес, сонымен бірге ынталандыруды арттыруға, әрі Компаниядағы көлденең байланыстарды бекітуге жағдай жасайды. Интеллектуалды және спорттық бағыттағы іс-шараларға, белсенді демалысқа ерекше орын беріледі, себебі Компания қызметкерлердің салауатты өмір салтын жүргізуін қолдайды.

Simcord

Біздің өмір — ілгерінді идеялар, шығармашылық,
технологиялық шеберлік, жылдам даму.

Бұның бәрі бізді біріктіреді және біздің ұйымшыл пікірлестер командамызға басқаларды қосылуға шақырады. Бұл бізге ілгері жылжуға және өсуге күш береді. Біз жаңа шындықты құрамыз — бұл мағынасы, шынайы құндылықтары және болашаққа күшті сенімділігі бар шындық.

Біз осы артықшылықтар барлығына қолжетімді болуды жасауға тырысамыз.
Біз тек идеямызға сеніп қоймай, болашақты бүгін жасаймыз.