Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
  • 2001
  • 2002
  • 2003
  • 2004
  • 2005
  • 2006
  • 2007
  • 2008
  • 2009
  • 2010
  • 2011
  • 2012
  • 2013
  • 2014
  • 2015
  • 2016
  • 2017
  • 2018
  • 2019
  • 2020
Қаржылық активтерді басқару жүйесін жасау идеясының тууы
2001

Осы жылдан бастап Компанияның қалыптасуы мен даму тарихы басталады. Неге 2001 жылдан? Қоғамды таныстыру керек және оны ұстануды қалайтын ең басты идея әлі құрылып жатқандықтан, біздің алдымызда көптеген әртүрлі идеялар мен ұсыныстардан идеялогиялық концепцияны құру тапсырмасы тұрды.

Сол уақытта қызмет бағытын таңдау бойынша ойлар көп болды. Көп нәрселерде перфекционистер болғандықтан, біз әрқашан шын мәнінде әдемі және биік өте өршіл ниеттеріміз бен ойларымызды жүзеге асыруға болатын кәміл жұмысты атқаруға талпындық.

Нәтижесінде біз неғұрлым жетілдірілген адам қоғамын құру қажеттілігі туралы түсінікке келдік, оның негізінде қаржы активтерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері мен мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктер жатыр. Бұл идея қалай жетілді? Бәрі қарапайым. Біз өзімізге сұрақ қойдық: ресурстарды ұтымды пайдалану, өмір сапасын жақсарту және қоғамдық қауіпсіздіктің жаңа деңгейін қамтамасыз ету үшін қай салада нені өзгерту немесе құру керек? Және жауап анық болды — бұл ешбір күдіксіз қаржы нарығы. Тек осында ғана өзіңнің мүмкіндігіңді орындауға, ғылыммен жұмыс жасауға, ғаламтор-коммуникацияны дамытуға, қызықты бизнес-үдерістерді жасауға және жөндеуге болады.

Бұл идея бізді соншама қызықтырып, біздің барлық ойларымыз бен уақытымызды толықтай алды. Бұл идеяны ұғыну ерекше көңіл-күй беріп отырды. Әрине, сол уақыт үшін бұл соншама өршіл және қол жетімсіз мақсат болып көрінді. Бірақ оған қол жеткізе алатынымызға сенген бойда, бұл мұны анық шынайы етуге зор күш берді. Былай шешілді: технологиялық, интеллектуалдық және қаржылық дамудың әлеуетіне валюталық және қаржылық нарықтардың индустриясы кіреді. Бұл өзіңнің қабілеттілігіңді және оқу мне даму бойынша барлық қызметті оған арнау керек деген сөз.

Біз нағыз жаңашыл болу үшін көптеген пайдалы және тамаша жаңалықтарды ашқымыз келді. Сонымен қатар, біз жұмысты бастау үшін сауатты жоспарлау және Компанияның дамуының басымдықтарын анықтау керек екенін түсіндік, бұған барлық келесі жыл арналды.

Даму басымдықтарын анықтау
2002

Көп кешікпей бізге тағы бірнеше ниеттестер қосылды да, (әзірге шағын) команда құрылды, біз олармен бірге ерекшеліктерін түсіну, сондай-ақ олардың даму әлеуетін анықтау мақсатында валюта және қор нарықтарының жағдайын зерттеуге кірістік.

Басымдылықтар мен қызметтердің сабақтас және қосалқы бағыттарды дұрыс қоюға бұл ең бастапқыда керек болды. Ең бастысында және де көмектесуі мүмкін нәрселерді жіберіп алмауға топталу керек еді. Бізді қоршаған әлем соншама ширақ, біздің даму кезінде қаржы нарықтарының өздері де және ондағы шарттар да өзгерді. Бұл әрдайым үрдістерді қадағалап және оларға уақытылы әрекет ету керек деген сөз.

Жаңа технологияларды шапшаң енгізуге мүмкіндік беретін жабық контурдағы кешенді шешімдер аса қажет екені бастапқыдан белгілі болды. Жеке бағдарламалық жасақтама да керек! Себебі зерттемелердің қолданысы болып олар сынаудан өту керек. Сондай-ақ біз маңызды мәселелерді айқындауға және стратегиялық жоспарлауға шындап кірістік.

Жұмыс күні азанда ерте басталып, түннің бір уақытында бітетін кездер болды. Әрбір күн ой-талқылармен өтетін болды. Осылардың арқасында таңдалған бағыт бойынша ақпаратты жинау, толықтыру және сараптау үшін ұйымшыл мүдделестер ұжымы құрылды. Ақыры даму басымдықтары анықталды және толық масштабты зерттеу жұмыстары басталды.

Зерттеу жұмыстарының басталуы
2003

«Неден бастау керек? Қай бағытта жүру керек?» — бұл сұрақтар бізге маза бермеді. Бір теория жеткіліксіз болды, сонда жолшыбай тәжірибелік эксперименттерді қоса отырып ғылыми зерттеу жолымен жүру туралы шешім қабылданды.

Біздің тобымыз аздаған ынтагерлер мен зерттеушілерден тұрды, оларды айтарлықтай күшті шығармашылық ұмтылыс, ортақ келешекті көру және жұмысқа ықылас біріктіріп, көп ұзамай біз шағын кеңсеге орналасып, онда зерттеулерді белсенді жалғастырдық. Бұл шағын кеңсе үй-жайы, шын мәнінде, біздің бірінші корпоративті үйге айналды.

Компанияның штатының көбеюіне байланысты бірнеше рет кеңірек үй-жайға көшуге тура келді. Бірақ әлі күнге дейін Компанияның қалыптасуында ерекше рөл атқарған осы бірінші кеңсені еске аламыз. Себебі оның қабырғасында көптеген зерттеулер мен тәжірибелер өткізілді: тәуелсіз шешім қабылдау үшін автоматтандырылған сауда стратегияларын бағдарламалау жұмыстары жүргізілді, қаржы нарығын талдау үшін түрлі әдістер зерттелді, үрдістер өзгергенде іргелі экономикалық оқиғалардың маңыздығы анықталды. Ақырында біз қолданыста барларынан тиімді өзгеше болатын бір бірегей өнімді табуға тырыстық. Бұл қаржы өнімі жаңа технологияны құру кілті болуы тиіс және нәтижесінде бұл сапалы жаңа адамзат қоғамына жол ашу керек еді.

Жалпы ойлау мен практикалық жұмыс әлі кiрiс әкелмеді. Бұл уақытта бізде әлі өзіміз жасаған нәрселерімізді ұсыну және сату мүмкіндігі болған жоқ. Бірақ қызметтің қазірдің өзінде айқын және нақты баяндалған болашақ бағыттары көріне бастады және де Компанияның аты да табылды — Simcord. Көп ұзамай логотиптің де алғашқы нұсқасы жасалды. Осының бәрі келесі қадамдарға рухтандырды және біздің бүкіл тобымыз сенімді түрде келесі кезеңге көшті.

Жалпы даму стратегиясын қалыптастыру және iPro Marketplace сауда платформасын жасауды бастау
2004

Осы уақытта коммерциялық стратегияларда алынған нәтижелерді пайдалану үшін валюта мен құнды қағаздар нарығы деректерін сараптау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін мамандар тобы ұйымдастырылды. Компанияның штаты үлкен үміт артылатын жаңа қызметкерлермен толықтырылды. Бізге тіпті қосымша жұмыс орындары бар жаңа кеңсені жалдауға тура келді. Әрбір көшу кезінде біз көптеген қызметкерлердің қаланың шалғай аудандарында, тіпті кейбіреулерінің қала маңында өмір сүретінін ескеруге тырыстық.

Жұмыс жай барыспен жүрген емес, ол қатты қайнап тұрды. Бәрі жақсы болды, тек бір нәрсе болмады. Біз соңғы эксперименттер ортасында елеулі кедергіге тап болдық: бөгде өнімдер бойынша алгоритмдік бағдарламалар мен автоматтандырылған сауда роботтарын сынау түрлі және даулы нәтижелер берді. Бұны біз қабылдай алмадық. Объективті және дәл сынау нәтижелерін алу үшін өзіміздің бағдарламалық кешен аса қажет екені айқын болды.

Осылайша iPro Marketplace сауда-талдау платформасының дамуы басталды, оның ерекшелігі сауда стратегиялары мен экономикалық деректер массивтерін талдаудың түрлі әдістерін біріктіру және тұжырымдамалық жаңа жүйесін құру болып табылады. Біздің технологиялық инновациялар негізінде және әлемдік қаржы нарықтарындағы табысты сауда үшін берік негіз қалыптасты деген түсінік пайда болды. Бұл батыл алға жылжу үшін жақсы негіз берді.

Талдау және автоматтандырылған сауда жүйесін дамыту
2005

Белгіленген жоспар бойынша, біз биылғы жылы нақты уақытта сауда стратегиясын бағалаудың арнайы алгоритмдерін құру фазасын бастадық. Бастапқыда трейдерлер немесе капиталды жұмыс кезінде трейдер пайдаланылатын автоматтандырылған сауда жүйесі жұмысының сапасы бағаланды. Ақша қаражаттарын басқаратын трейдер жұмысына байланысты үдерістерді зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде, сауда тапсырыстарын жасауда нақты жаңалықтар табылды! Бұл жаңалықтар нәтижесінде тәуекел деңгейін азайту мен пайдалылықты көтеру мақсатында сауда сигналдарын жөндеу мен тапсырысты өзгерту бағыты белгіленді. Бұл бағыт ары қарай iPro Marketplace платформасы негізінде қолжетімді бірегей iPA (Intelligent Processing Algorithms) технологиясын жасауды көрсетті.

Біздің бір технологиялық өрлеу идеяларымыз артынан басқаларын шығарды — одан да батылдырақ, тіпті адуын, ал кейбір кезде қиял-ғажайып секілді... Бұл бізді одан да бетер тоқтамауға итермеледі, бұның барлығы қалайда шындыққа айналады, қоғамды, жалпы барлық дүние жүзін сәттірек және бақытты қылады — әркімге қолжетімді етеді деген көп сенімділік берді.

Ғылыми-зерттеу және басқа да іс-шараларды қарап және ғылыми қозғалыс ауқымын кеңейту қажеттігін түсіне отырып, Simcord компаниясының тағы екі басымды бағыты белгіленді: толқынды және спектральді сараптама әдістемелерінің зерттемесі. Бұл екі құрылым және амал бойынша түбегейлі әртүрлі сараптамалар нарықтың заңдылықтарын зерттеудің мүлдем жаңа әдісін ашты. Олар нарықты сараптау және алынатын мәліметтерді қолданған кездегі шешімдерді қабылдау сапасын көтерді, бұл ерекше бағалы болды.

Ынталылықпен, ортақ іспен және оның келешегіне сеніммен, біз оңай жұмыста қалатын едік. Тумаластарымыздың біреуі кеңсеге жылы кешкі асты әкелген кезде біз қалай қуандық! Барлығы үшін. Өткір пікірталаспен өткен түннен кейін таңертегі кофе сондай дәмді болады.

2005 жылдың соңында керекті атқарылған жұмыс көлемі жиналып жетілдірілді, біздің командаға бірінші табысқа жету үшін түпкілікті түрде жеке жобаны жасауға ойлануға жеткілікті сараптамалық ақпарат жиналды.

Бірінші нәтижелер
2006

Біз өнімді жасау мен сату Компанияға тек ол түбегейлі бірегей, инновациялық және нарықта сұранысқа ие болса ғана айтарлықтай пайда әкелетінін түсіндік. Осындай коммерциалық өнімге идея керек еді. Бұл идея Компанияның қызметін халықаралық деңгейде жылжыту үшін де керек болды. Өткен жылдарда біз жинаған білім бізге алдағы жоспарларды орындауға инвнстицияларды тартуға мүмкіндік береді. Әрине, түрлі бағдарламалық өнімдерді және жүйелерді дамыту, олардың функционалдық сыналуы және реттеу үдерістері бойынша iPro Marketplace платформасын құру жұмысы қатар жүргізілді. Ал бұл үшін бізге жедел бастапқы өнім қажет болды, оны шығарып біз Компанияны одан әрі дамыту үшін инвестиция ала алатын едік.

Біз үнемі жасалған эксперименттер мен зерттеулер жиынтығынан алынған нәтижелерді үнемі талдадық. Ал 2006 жылы былтырғы жылдың басында жүзеге асырылған жүйелерді талдау өте маңызды нәтижелерге тіркеліп, бұл шын мәнінде атап өтілді. Құрылған және жүйеленген статистикалық мәліметтер Gelan Trawler сауда жүйесінің математикалық үлгісін құруға негіз болды.

Осылайша, Gelan Trawler біз кейіннен трейдерлер мен инвесторлардың қоғамдастығына ұсына алатын біздің алғашқы өнім болды.

Gelan Trawler тәжірибелік нұсқасының табысы
2007

Бұл жыл Компания үшін аса маңызды болды, біздің екінші тынысымыз ашылды деп айтуға болады. Бірақ бәрін рет-ретімен айтайық.

2007 жыл эксперименттердің көп өткізілуімен басталды. Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, оны солай өткізетінің бәріне белгілі. Жыл осылай— жүйелі эксперименттермен және ғылыми тәжірибелермен – өтті. Ал олардың барлығы соншама маңызды және кең ауқымды болды, бұл біздің болашақ қызметіміз үшін баға жетпес дүние болды.

Біз бастапқыда ортақ іске салған идеямызбен шабыттандық және оңтайлы шешімдерді іздеу бізге тыныштық бермеді. Gelan Trawler жұмыс кезінде әртүрлі индикаторлар әзірленді, күрделі жүйелік талдау және математикалық модельдеу бойынша жұмыс бірге өткізілді. Gelan Trawler сауда жүйесі негізінде өткізілген бірнеше сәтті эксперименттерден кейін сауда нұсқасын құрастыру жұмыстарын бастау жөнінде шешім қабылданды. Gelan Trawler коммерциялық жүйесін іске қосу күнін әкеміз Александр Александровичтің туған күніне орай 09.09.2009 күніне жоспарладық. Оның психологиялық және қаржылық ата-аналық қолдауы арқасында біздің Компанияның сәтті дамуына қол жеткізілді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ және ол Компания үшін басқа да маңызды күндер арасында әсіресе маңызды болып табылады.

Біздің өнімнің тұтынушылық үрдістерінің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі брокерлік компаниялардың қызметтерін зерттеу арқылы біз бірте-бірте олардың басшыларымен және жетекші мамандарымен байланыс орнаттық. Осы жылы Gelan Trawler коммерциялық нұсқасы іске қосуға дайындық үшін берік негіз болған екен, оған біз келесі жылы кірістік.

Gelan Trawler коммерциялық нұсқасын іске қосуға дайындық
2008

Gelan Trawler сауда жүйесін сынау белсенді және өте сәтті жалғасты. Бұл кезеңде біз сауда жүйесінің коммерциялық нұсқасын дамыту жөніндегі қорытынды жұмысты аяқтауды жоспарладық.

Gelan Trawler әзірлеуі және сынауына байланысты орасан зор жұмыс жүктемесіне қарамастан, бізде басқа салаларда да қызметпен айналысуға уақыт болды: толқындық және спектральдық талдау жүйесін, ақпараттық сайтын және Серіктестік бағдарламасының сайтын әзірлеу. Сонымен қатар, iPro Marketplace сауда платформасының бастапқы нұсқасын жетілдіру кезеңі қарқындай бастады.

Десе де, біздің басты міндетіміз сол кезде сауда жүйеміздің коммерциялық нұсқасын дайындау болды. Барлық күштер негізгі мәселені шешуге жұмсалды. Таңдалған қызметтің күрделілігі мен ерекшелігін, сондай-ақ, ол туғызатын қызығушылықты түсіне, біздің өнімнің коммерциялық насихаттау нарығын зерттей бастадық. Біз Gelan Trawler түрлі жолдар мен сату арналарын қарап шықтық, алынған нәтижелерді сараптадық және жаңа дәлелдер талдадық, қайтадан кешенді талдаумен және есептеулермен айналыстық.

Сол уақыттың өзінде біз сауда жәрмеңкелері мен шараларға қатысып, қаржы саласындағы табысты көшбасшылармен таныстық. Бұл жағдайда басты мақсатымыз біздің өнімдерімізді жылжыту үшін мамандар назарын белсенді түрде тарту болды.

Биылғы жыл біз үшін бетбұрысты кезең болды. Біздің өнімді осындай көптен күткен іске қосу үшін дайындық жұмыстарының ұзақ кезеңінің аяқталуы бетбұрысты сәт болды. Ал, шын мәнінде, дәл қазір Компания дамуының мүлдем жаңа кезеңі басталып жатты.

Біз болашаққа батыл қарадық. Біз онда инновациялық идеялардың ерте жүзеге асырылуын, және, демек, қарқынды дамуын көрдік. Біздің 11 сарапшыдан тұратын кәсіби командамыз жұмысты соншалықты шабыттана істеп, кеңсеге тіпті демалыс күндері келетін. Сонда шаршағандықтан біз дүйсенбіні сенбімен оңай шатастыратын едік, бірақ бізде таңдап алған жолымыздың және алға жүру қажеттілігінің дұрыстығына күмәніміз ешқашан болмаған.

Gelan Trawler бірінші сатылуы
2009

Міне, іске асырылды! Бірінші іскерлік Серіктестер, коммерциялық табыс, жақсы пайда және біздің жобаға салынған инвестициялар ағыны! Біз бірнеше жыл бойы осы нәтижеге бардық, енді қазір өзіміздің өнімді ұсынуға қабілеттіміз және Gelan Trawler қаржы нарығында ұсына аламыз.

Біз жұмыстың басталуымен бірге «4 Step 4 Level» бірінші Серіктестік бағдарламасын іске қостық, оның қатысушылары интернетте өз ісін құрып және жүйені нарыққа ілгерілету үшін сыйақы ала алды. Сондықтан біз тек Украинада ғана емес, сонымен қатар көрші елдерде ұйымдастырылған конференциялар мен көрмелерде жасалған өнімді біздің Серіктестермен бірге белсенді ұсындық. Іс-шаралар барысында түрлі қалалар мен елдердің қатысушылары жиналды. Іс-шараның қонақтары біздің өнім мен оны пайдалану перспективаларымен танысты. Осындай кездесулерді өткізуде, атап айтқанда, Николаев қаласының маңызы бар, себебі осы бір оңтүстік қонақжай қала көптеген пікірлес адамдарды біріктірді және біздің Компанияның коммерциялық іске қосу нүктесі болды. Бұл жаңа сату арналарын құзыретті ұйымдастыруға, нарықтың коммерциялық насихатының кеңеюіне және Серіктестік бағдарламаларының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Осылайша, Компания тарихының жаңа кезеңі басталды және біздің ұжым өмірінің палитрасы жаңа түстермен кеңейді. Біз өз эмоцияларымызды жасырған жоқпыз және әрбір жаңа Серіктестің пайда болғанына, арнайы көрмелерге шақыруларға ашық түрде қуандық. Бұл барлық ұжымға жаңа күш берді. Өйткені, олар, шынымен де, біздің өршіл жоспарларды келесі жылы жүзеге асыру үшін қажет болды.

Халықаралық көрмелерге қатысу, Simcord тіркеу
2010

2010 жылы біз қатысқан қанша іс-шаралар болды? Бәлкім, ешқайсымыз дәл жауап бере алмайтын шығармыз, себебі олар тым көп болды. Осы сәтте, біз үш жобаны нарықта ұсына алдық: FxMarketWave толқындық талдау платформасы, ақпараттық портал және сауда жүйесі. Тек осы жылы ғана бірнеше жетілдірілген Gelan Trawler нұсқаларының шығарылғанын ескеріңіз.

Ия, бұл алуан оқиғаларға өте бай жыл болды! Біз әлемнің әр түкпірінде бұл мақсат үшін ең заманауи қонақ үйлерді жалдап «мәртебесі жоқ кездесулер», брифингтер, тренингтер мен семинарлар өткіздік. Біз бизнес-жоспарлар, маркетинг жоспарларын, науқандар жасадық және бағалы сыйлықтармен жеңімпаздарды марапаттадық. Серіктестер үшін арнайы ынталандыру жүйелері, ал Инвесторлар үшін — қаржылық жоспарлау құралдарына арналған жаңа қызметтер әзірленді.

Осы жылы Simcord компаниясының ресми тіркеуі болды. Бұл шынында да айтулы оқиға көптеген жолдармен біздің Компанияға инвестициялардың белсенді ағынын әкелді. Біз бүкіл әлем бойынша қаржы саласының қызықты және табысты адамдарымен кездестік. Клиенттерге кеңес беру және біздің Серіктестермен кездесулер үшін кеңселер ашу қажет екені айқын болды.

Біз барлығын өзіміздің өнімдерімізбен таныстыруға тырысып, Компанияның көшбасшыларының мастер-сыныптарын өткіздік, Серіктестермен байланыс және Клиенттерді қолдау қызметтерін іске қостық: мысалдар келтіре отырып, қаржы нарығындағы сауда — бұл нағыз жұмыс, тұрақты табыс қана емес, сонымен қатар бірнеше есе пайда әкелуі мүмкін жұмыс екенін айттық. Білім деңгейі мен жасына қарамастан кез-келген адам қажетті біліктілікті ала алады.

Бұл өте қызық жыл болды. Және жұмыс біз демалысқа барсақ та тіпті тоқтаған жоқ. Компанияда және бүкіл қаржылық қоғамдастықта болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болу үшін біз өізімізбен бірге жеке компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер алатын болдық. Ал сіздің аяғыңыздың астында жылы құм және кешкі бриз — романтикалық көңілге сәйкес болса да... сіз әлемнің барлық жаңалықтары мен оқиғаларынан хабардарсыз!

Қосымша инвестицияларды тарту, активтерді басқару
2011

Компанияның қызметі белгіленген жоспарға сәйкес жүрді: бір кезең аяқталды, артынан басқасы басталып жатты, туындаған мәселелерді эксперименттер, жаңа шешімдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу арқылы шештік.

Біз халықаралық конференциялар, Қоғамның науқандарын, инвестициялық семинарлар өткіздік. Компания сарапшылары валюта нарығындағы оқиғаларына тұрақты мониторинг жүргізді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін оларға сұрақ қоя алды және біздің ақпараттық ресурстарда тиісті және пайдалы ақпаратты таба алды. Ғылыми-зерттеулер, бұрынғыдай, бір күнге де тоқтаған жоқ. Мұндай тығыз жұмыс кестесі және соның барысында алынған нәтижелер іргелес қызметті дамытуға және ілгерілетуге мүмкіндік берді. Және бұған толығырақ тоқтау керек.

Gelan Trawler сауда жүйесін нарықта ілгерілете отырып, біз күтпеген және ауыр қиындықтарға тап болдық. Кейбір брокерлер Gelan Trawler сауда жүйесіне кедергілер құрды. Бұл жағдай біздің жоспарларға мүлдем кірген жоқ еді, бірақ біз оған дереу жауап бердік. Көрсетілетін қызметтердің сапасының жоғары тұрақтылығы үшін біз өзіміздің сауда платформамызды таңдадық, ол сол уақытта біздің алгоритмдер бойынша капиталды басқару кезінде дұрыс жұмыс істеуі үшін біздің жүйеміздің талаптарына сай болды.

Бірақ біз мұның жеткілікті емес екенін түсіндік, өйткені бұрынғы жүйе ылғи бұзыла бергендіктен жаңа алгоритмдердің басқа жаққа кетіп қалуы орын алды. Тапсырыс берушінің абсолютті сеніміне ие болатын сенімді және беделді брокерлік компаниялар құру туралы біз шындап ойландық. Кейінгі қарқынды дамуымен және iPro Marketplace сауда-талдау платформасы негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен капиталды басқару қызметтерін ұсынатын, 11.11.2011 ж. күні UBK Markets брокерлік фирмасы ашылды.

Компаниядағы жұмыс үрдістерінің және технологиялық дамуды ілгерілету механизмдерінің тұрақтануына байланысты біздің өнімдер белсенді және табысты сатылатын болды. Simcord компаниясының дамуына бағытталған капиталды басқарудың ақша түріндегі жаңа табыс көздері шықты. Бұл жаңа кең кеңсеге көшуіміз үшін серпін берді, онда біз бүкіл қабатты алдық және бізге жаңа инвестициялар тарту мақсатында маркетингтік зерттеулер жолын өтуге тура келді.

Жаңа инвестициялар тарту үшін нарықтарды зерттеу
2012

Бұл уақытты, алайда, жаңа инвестицияларды тарту мақсатында маркетингтік зерттеулер кезеңі ретінде ғана емес, бонустық бағдарламаларды дамыту, науқандар және семинарларды белсенді жүргізу деп сипаттауға болады. Жылдар бойы тексерілген тактиканы және сол уақытта нарықтағы жылжытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, біздің өнімдер мен қызметтердің айтарлықтай таратылуына қол жеткіздік. Біздің Серіктестер Ресей, Молдова және Қазақстан тұрғындары болды, олармен біз ынтымақтастықты осы күнге дейін дамытып келеміз. Осы аймақтар дәстүрлі түрде бізге маңызды болды және біздің серіктестік қарым-қатынастардың стратегиялық бағытын анықтады. Компания қызметінің шекарасының кеңейтілуі біздің қызметтер мен өнімдерді көтермелеу және кәсіби командада жұмыс істеу тұрақтылығын көрсеткен белсенді Серіктестер үшін көзделген сыйақы жүйесінде көрініс тапты.

Бұның өзі бізге жеткіліксіз болды. Ғылыми зерттеулер жүргізуге және Компанияның дамуына жаңа инвестициялар тарту керек болды. Ал біз халықаралық бизнестің кеңейтілген моделінің келесі кезеңіне — Компанияның өзіндік эксклюзивті және жоғары ғылыми әзірлемелер негізінде брокерлік қызметтер мен өнімдерді қамтамасыз ету бойынша еуропалық нарыққа шығуға кірістік.

Біздің зияткерлік меншігімізге патент алу үдерісін бастау үшін осы кезеңге дейінгі біздің әзірлемелеріміздің саны жеткілікті болды. Бізге Компания әзірлеген технологиялардың бірегейлігін растайтын сауда белгілері мен таңбаларының пайдалануына берілетін құқықты тіркеу керек болды.

Нарықтық зерттеулер Серіктестік бағдарламасын дамыту және жетілдіру қажеттігін көрсетті, оған біз келесі жылы кірістік.

Серіктестік бағдарламасының дамуы
2013

Simcord технологияның соңғы жетістіктерімен қаржы нарықтарының тарихында жаңа бетті ашады. Біз трейдерлер, менеджерлер мен инвесторлар үшін ең үздік шешімдерді жасаймыз — бұл біздің 2013 жылы енгізген негізгі қағидамыз болды.

Осы жылдың ішінде көптеген оқиғалар болған, олардың барлығы Компанияның қалыптасуына және одан әрі дамуына әсер етті. Осылай iPro Marketplace сауда-талдау платформасының ашық бета-сынауы басталды. Сауда платформасымен жұмыс істеу үшін практикалық дағдыларды алу мақсатында сонымен қатар дилингтік бөлмелер ашылып жатты. Сондай-ақ, коммерциялық пайдалану үшін брокерлік сайттың жаңа халықаралық нұсқасы іске қосылды. Алайда, Компания үшін саяси маңызды оқиғалардың бірі Кипр кеңсесінің ашылуы болды. Еуропалық мемлекетте лицензия алу бүкіл әлемде дерлік Клиенттер мен Серіктестерге қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Серіктестік бағдарламаның дамуы 2013 жылдың алдыңғы қатарлы кезеңі болатыны ақиқат болды.

Серіктестерге жылы шырайлы көзқарас, негізінен Компаниямен ынтымақтастық үшін жеке көзқарас, Серіктес бағдарламасы көп деңгейлі сыйақы жүйесін құру, пайда деңгейлерін реттеу шарттары және басқа да көптеген іс-шаралар, жаңа Серіктестерді тарту тұрғысынан оның дамуына және кеңеюіне ықпал етті.

Әсіресе, біз Серіктестеріміздің сындарлы ұсыныстарын әрдайым назарға алдық және барлықтарына түсіністікпен қарадық деп айтқым келеді. Жалпы, Серіктестермен және Клиенттермен өнімді қарым-қатынас тұрғысынан «екі жақты қозғалыс» әріптестікті құру да біздің басты ұстанымымыз болды.

Биылғы жылғы іс-шаралар Компанияның мақсатты даму жоспарларын табысты етуге бізді бір қадам жақындатты.

Трейдингтің жаңа бағыттарын іске қосу
2014

Қаржы активтерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану — бұл сауданың мүлде жаңа бағытының уақыты келгендігі, оның негізгі идеясы 2001 жылы жүзеге асырылған. Бұл жүйе көптеген мақсаттармен әзірленді, бірақ оның негізгі мақсаты қаражатты басқаруда тәуекелдерді болдырмау және азайту, сондай-ақ қаржы нарығында сауда операцияларын жасау кезінде табыстың жоғары деңгейіне қол жеткізу болып табылады. iPA-Жүйе — Компанияның инновациялық өнімі — қаржы-технологиялық секторда шынайы революциялық серпінге айналды.

ECN стандартты сауда тапсырыстарын заманауи нарықтық жағдайлар негізінде бізге бөлінген шоттардың бірнеше түрлерін таңдауды ұсына отырып, біз қаржы нарығындағы өзіндік жұмысқа қолжетімділік бердік.

Бізге жаңа сауда бағытын бастау үшін бірқатар әзірлемелерді жасау қажет еді. Қаржы нарығында өз бетінше сауда жасағысы келетін трейдерлер үшін, біз жайлы және қазіргі заманғы iPro Marketplace платформасын құрдық. IPA-Жүйенің барлық артықшылықтарын қолданып мәмілелерді iPA-Басқарушы статусында да жасауға болады. Осы мәртебеде қызмет номиналсыз шотында сауда жасауға мүмкіндік берді, яғни өзіндік қаражатты қолданбай және тапқан пайдаға негізделетін сыйақы алу арқылы. Осының барлығы біздің жаңа серпіліс және келесі қадамдар жасауымызға алып келді.

iPA-Басқарушы қызметінің сипаттамаларын дамыта отырып, біз осы барлық арнайы білім мен дағдыларды игеру керектігін түсіндік. Сондықтан біз жаңа заманауи мамандық ретінде iPA-Басқарушыны қарастырдық, оны тұрғылықты жеріне, біліміне және жасына қарамастан әрбір адам үйрене алады.

Біз әлі күнге дейін iPA-Жүйенің жұмысын реттейтін тетіктер құру керектігін түсіндік, ол үшін келесі жылы біз Компанияның жаңа даму кезеңінің негізін қалауды жоспарладық.

Одан әрі дамыту үшін берік негіз қаланды деп есептеуге болады
2015

Бұл қандай жыл болды! Біз жүйені құру үдерісінде пайда болған барлық мәселелер бойынша жұмыс істедік. Жаңа қызмет немесе өнім шығарғанда, сынаудан кейін, белгілі бір функцияларды реттеу қажеттілігі туындаған кезде біз дереу толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге кірістік. Сондықтан осы жылы жүзеге асырылған зерттеу нәтижелері бойынша, өте жақын болашақта UBK Markets Клиенттері жаңартылған сауда шоттарын, iPA-Басқарушы тиімді сауда ережелері жүйесін бағалай алады. Жалпы сауда стратегиясын сипаттайтын көрсеткіштердің дамуына бастау берілді.

Барлығын тізіп айту мүмкін емес. Ал iBroker Серіктестік бағдарламасы бойынша сыйақы төлеудің кеңейтілген шарттарын және iPA-Технологиясына негізделген жаңа қызметтерді іске қосудың арқасында, Компанияның Клиенттері мен Серіктестері үшін кейіннен бірқатар қосымша мүмкіндіктер ашылды!

iPro Marketplace сауда-талдау платформасы бойынша да жұмыс жалғасты. Компанияның мамандары бірден бірнеше негізгі функционалдық мүмкіндіктердің сынауын бітіріп жатты.

Өз бағдарламалық шешімдерін ұсынатын, біз жасаған қызметтер мен қаржылық өнімдердің белсенді жүзеге асырылуына негіз болған, Simcord компаниясы мен UBK Markets брокерлік компаниясының жемісті ынтымақтастығы тек салмақты ғана болған жоқ, шын мәнінде үлкен нәтижелер берді. Осының барлығы жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосу үшін берік негіз құрды, сонымен қатар бұл біздің қызметтің басқа да салаларын бастады, оларды дамытуға біз келесі жылы кірістік.

Жаңа өнімдер мен инвестициялық ресурстарды іске қосу
2016

Бұл жыл тек көптен күткен бір өнім немесе қызметті іске қосу емес, ол Компания ұсынатын бүкіл өнімдік линейка мен жаңа қызметтер тізімінен байқалды. Біз өнертабыстар мен зерттемелердің авторлық құқықтарын қорғайтын бірнеше патенттер алдық. iPro Marketplace сауда платформасына өз техникалық көрсеткіштер және автоматтандырылған сауда стратегияларын және оларды сынау мен басқаруға мүмкіндік беретін бөлімдер қосылған. Осымен қатар компанияның мамандары iPro Marketplace мобильді нұсқасын жасады.

UBK Markets компаниясының сайты түбегейлі өзгертілді. Жинақталған тәжірибе мен біздің Серіктестер және Клиенттер тарапынан кері байланысты қолдауды ескере отырып, біз Компания қызметін кеңейту қажеттігін түсіндік, енді халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты сайттағы барлық ақпарат 7 тілде таныстырылды.

2016 жылы капиталды басқару үшін оңтайлы бизнес үлгісі мен Processed шоттары іске қосылды. Енді әрбір Басқарушы қызмет нәтижелерін бастапқы сауда стратегиясымен (Original шоты) және (Processed шоты) iPA-Технологиялар алгоритмдерін қолданып көре алады. iPA-Инвестор үшін бірнеше iPA-Басқарушылардың сауда сигналдарынан Қоржын жасауға бірегей мүмкіндік пайда болды. Басқа iPA-Инвесторлар назарын аудару үшін және жеке Қоржынды капиталмен толықтыру үшін оны Long List жариялау, сонымен қатар Қоржындар Менеджерлері статусын алу қолжетімді болды.

Сауда саласындағы бағдарламалық және аппараттық шешімдер дистрибьюторы Integrated ECN компаниясының ашылуы, Компанияның қарқынды дамуының тағы бір даусыз дәлелі болды. Әмбебап B2B жүйесі бірыңғай сауда платформасы арқылы жақын арада брокерлік компанияларды әлемдік қаржы нарығындағы олардың өзара іс-қимылын анағұрлым тиімді ету мақсатында біріктіруге бағытталған.

Ерекше назар Компанияның өнімдері мен қызметтерін іріктеуде және пайдалануда Клиенттерге көмек көрсету үшін біздің мамандар әзірлеген UBK Markets info ақпараттық және анықтамалық қызмет пен iPro Marketplace info аударылуы тиіс.

Биылғы жылы біз инвестиция саласындағы қызметті жүргізуге арналған web-платформаны ұсына алдық. Бірегей эргономика және пайдаланушы интерфейстің қолайлы комбинациясы оң шешім қабылдауға жылдам көмектеседі. Мұнымен инвестициялық бағытталудың жаңартылулары біткен жоқ.

Simcord Innovation Technologies 2017 конференция шеңберінде Компанияның жаңа қаржылық өнімі ұсынылды — Bitbon.

Біз Bitbon іске қосу Компания дамуының мүлдем басқа деңгейіне өту үшін және 2001 жылы біздің саяхат басында өзімізге мәселелерді шешу үшін қойған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретіне сенімдіміз. Адамзат қоғамының тамаша бірлігі туралы, сондай-ақ жоғары зияткерлік технологиялар мен жүйелерге негізделген қазіргі біздің ілгері идеяларымыз бен күшті ойларымыз орындалуға жақын. Bitbon пайдаланудан түсетін озық қаржы өнімі, әрбір адам тап болатын оның ашық та кең ауқымды келешегінің артықшылықтары — бұл бүкіл адамзаттың зияткерлік үйлесім іргетасынының негізі болып табылады.

Bitbon Жүйесі — ғаламдық сандық экономиканың жаңа дәуірінің алдындағы блокчейн технологиясының негізіндегі шешім
2017

Қандай ғажайып және жемісті 2017 жыл! Әрине, біз оны күттік, және тіпті үміттенген болатынбыз, себебі Компания өміріндегі ең қызықты кезең келді — Bitbon Жүйесінің өрлеуі басталды деп түсіндік. Оқиғалар мен кездесулерге, тұсаукесерлерге және жаңа ашылуларға толы болуға үміттендірген жыл, — ол біз үшін осындай болды.

Simcord компаниясының ең алғашқы өнімін әзірлеуінің басынан бірнеше жыл өтті. Және міне біз осы уақытқа дейін жасаған бағдарламалық өнімдер мен сервистерді бөлек сайтта бүтін кешенге құрылымдайтын кезге келдік. Integrated ECN сайтын іске қосу бізге өз бағыттарымыздың толық спектрін бүкіл әлемге ұсынуға мүмкіндік берді.

Бірақ Bitbon Жүйесін алға жылжыту сонда да өз бетінше ресурсты талап етті. Оған қоса, осы бірегей қаржылық құралмен 2017 жылы жұмыс істеу үдерісінде, бәлкім, ең басты дүниені ұғыну пайда болған шығар — үйлесімді құрылысы мен дамуына қол жеткізу үшін қоғамның қазіргі бар экономикалық құрылымына Bitbon ендірудің қажеті жоқ. Сандық экономиканың жаңа дәуірі үшін Bitbon бүтін Жүйесін қалыптастыру қажет. Ал Bitbon өзі — бұл әрбір адамның алдында жаңа қызмет түрлеріне есікті ашатын кілт қана емес, сонымен бірге барлығының ашық және айқын өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін кілті болып табылады.

Bitbon Жүйесінің механизмдерін қалыптастыру үдерісінде заманауи ғылыми терминологияда көптеген түсініктердің жоқ болуымен бетпе-бет келгенімізіді ерекше айтып кеткен жөн. Біз өз терминологиямызды қалыптастырдық — осылайша Контрибьютор, Контрактат, Bitup-Агенттік, Bitbon Жүйесінің капиталдандыру қоры және көптеген басқалары пайда болды. Ғылым Simcord артынан үлгермей жатса не істеу керек енді?!

Сонымен, жаңа www.bitbon.space сайты іске қосылды — және енді біздің Bitbon Жүйесінің 2025 жылға дейінгі дамуын қалай жоспарлайтынымызды көруге болады!

Ал осы Жүйенің дамуын көруімізді ұқыпты жоспарлай алуымыз үшін біз Лидерлік кездесулер мен ғылыми конференциялар, брифингтер мен көптеген семинарлар өткіздік. Оларда біз Bitbon туралы ғана айтып қоймай, сонымен бірге криптоиндустрия тарихы туралы және Bitbon сандық активінің пайда болуына не алғышарт болды, Bitbon Жүйесінің негізіне қандай сандық әзірлемелер кірді, оның Қатысушыларының артықшылықтары не болып табылады және өте маңыздысы – бізді қандай болашақ күтіп тұрғаны туралы да айтып бердік. Киев, Мәскеу, Астана, Қазан, Севастополь, Кишинев, Харьков, Ялта... барлық қалаларды айтып бітіре алмайсың. Бірақ біздің бір ұмтылысымыз болды, ол өзіміздің үдерісті идеямызды — заманауи әлем дамуының жаңа философиясын адамдарға жеткізу еді.

Осылайша, 2017 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда (Алматы қ.) өткен Компанияның Simcord Innovation Technologies 2018 жылғы жиналысында Александр Кудь өз сөзін Bitbon Жүйесіне, оның мақсаттары мен біздің міндеттерімізге арнады, осы мақсаттардың шындығында жаңа сандық шындық болуы үшін арнады. Барлық билеттер бұл оқиғаның басталуына дейін ұзақ уақыт бұрын сатып алынып қойған. Оның үстіне 600 қатысушыға есептелген залға барлық қонақтар симады, сондықтан бізге дереу орындарды қосуға — тек орындықтарды қатарлардың арасына қоюға тура келді!

МБіз 2017 жылдағы Bitbon деген жалпы назардың ұлғаюы мен күн сайын қарқынды болып келе жатқан сандық технологиялардың болашақ әлемдік жаһандануы, тіпті келесі 2018 жылдың үлкен тарихи мәні туралы айтып отырмыз.

Bitbon Жүйесі мен оның компоненттері жұмысының механизмдерін іске қосу
2018

Енді 2018 жылдың 10 наурызы — бұл Simcord компаниясы тарихында және бүкіл әлем бойынша бірнеше он мыңдаған адамдар үшін ерекше күн! Дәл осы күні Bitbon Жүйесі іске қосылды. Және енді бұл күн бүкіл Жүйенің және оның Пайдаланушыларының жарғы түріндегі ресми құжаты болып табылатын Bitbon Жүйесінің Жария келісімшартында жазылған. Осы құжатты дәл біздер құрғанымыз үшін мақтанамыз!

Алайда бұл, әрине, 2018 жылдағы жалғыз ғана оқиға емес. Біз жоспарлағандай, Bitbon Жүйесі механизмдері мен компоненттерінің, атап айтқанда, Bit Trade Сандық Активтері Биржасы мен Bitbon Space ұялы қосымшасының маңызды іске қосылулары жүргізілді. Осы жылы біз әрбір адам біздің қолымыздан не келетінін және алдағы уақытта не истейтінімізді көре алуы үшін, Bitbon Жүйесінің даму стратегиясын толығырақ сипаттаумен Bitbon Жүйесінің White Paper жарияладық.

Компания дамуының негізгі кезеңін атап өткен жөн — ол нәтижелері көптеген елдерден адамдардың Bitbon Жүйесіне тек қызығып қана қоймайтынын көрсеткен crowdsale өткізу кезеңі. Онда қазіргі уақытта бүкіл заманауи қоғамға және қолданыстағы қаржы жүйесіне жетіспейтін нәрсе бар, атап айтқанда, сенімділік, өзара қатынастардың ашықтығы және онда болып жатқан процестердің анықтығы. Бұл ретте Bitbon Жүйесінің заңдық іргетасына осы жылы Украинаның ұлттық құқықтық ғылымдар академиясының мамандары жұмыс істей бастаған тағы бір аса маңызды құжат қаланатын болады. Бұл құжат Bitbon мәртебесін ресми халықаралық деңгейде нығайтуы тиіс.

2018 Bitbon Жүйесінің халықаралық аренада жылжуы басталған жыл болды. Біз «Харьков — даму және инвестициялар» Неміс-Украиналық экономикалық форумына (Нюрнберг қ.), Decenter Cryptoevent Moscow 2018 блокчейн-конференциясына (Мәскеу қ.), және әртүрлі елдерде өткізілетін басқа да көптеген іс-шараларға қатыстық. Сонымен қатар біз дәстүрлі түрде Bitbon Жүйесі туралы ақпараттық халықаралық брифингтер топтамасын өзіміз ұйымдастырдық. Әртүрлі қалалар мен елдерде біз өзіміздің артықшылығы бар өніміміз жайлы, Bitbon Жүйесінің қалай Қатысушысы болуға болатыны жайлы және Жүйедегі қызмет түрлері жайлы айттық.

Осы жылы Simcord компаниясы ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттаудан сәтті өтті, бұл басқару сауаттылығын және сапа менеджментінің заманауи халықаралық нормаларын ендіруге бағытталушылықты растады. Енді Компания, блокчейн технологиясының негізінде жоғары жүктемеленген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және өндіру аясындағы ғылыми-зерттеу қызметі саласында сертификат иесі болып табылады.

Осы кезеңдегі тағы бір маңызды қадам – басқарудың қалыптамалық құрылымын ендіру болды. Бұл бізге ендігі жерде Компания ресурстарын барынша тиімді түрде іске қосуға ғана емес, сонымен қатар тапсырмаларды шешуді біршама оңтайландырып, жылдамдатуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар біз өз сауда таңбамыз бен патентімізді бірқатар елдерде тіркедік, бірақ, әдеттегідей, қол жеткізген дүниелермен тоқтағалы жатқан жоқпыз!

Біздің қайталанбас тарихи нүктелеріміз
2019

2019 жылды оқиғалы, нышанды, Компания үшін шын мәніндегі тағдырлық шешімдер қабылдауды талап еткен жыл деп түрліше сипаттауға болады... Алайда біздің барлық алдағы жолымызды шынайы айқындай алатын оқиғалардың өзекті нүктелерін белгілейік.

Компания бірқатар мемлекеттік мекемелермен, мәселен, Украинаның Ұлттық құқықтық ғылымдар академиясымен, ресми ынтымақтастықты бастады. Мұның нәтижесі — басқа құжаттармен бірге Bitbon Хаттамасына қосымша болып табылатын ғылыми-құқытық қорытындылар болды. Ал бұл шын мәнінде тарихи құжат!

Bitbon Жүйесіндегі майнинг. Майнингтің басталуын біздің Клиенттер де, Серіктестер де, Bitbon-ның қарапайым иегерлері де күтуде, бұл жөнінде әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларда қалдырылған түсініктер айтады. Біз өзекті тақырыптар бойынша дәстүрлі шеберлік сыныптарын өткіздік, мысалы, Ригада (Латвия) Bitbon Жүйесіндегі майнингті іске қосарда Компания Серіктестері үшін шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, оны Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь жүргізді.

Компания дамуының осы жылғы енді бір өзекті нүктесі заңнамалық реттеу мақсатында Bitbon Жүйесін және құқықтық тұрғыда цифрлық активтерді ілгерілету бойынша істелген ұлан-ғайыр жұмыстың нәтижесі болды — ғылыми мақалалар жарияланды, монографияның бірінші және екінші басылымы (анағұрлым толықтырылған) жарық көрді.

Біз өз ресурстарымызды анағұрлым өзгерттік және оңтайландырдық: Simcord компаниясының ресми сайты және Bitbon Жүйесінің ресми ақпараттық ресурсы — Bitbon Space сайты болды.

Сондай-ақ 2019 жылдың шешуші оқиғаларының нүктелері ретінде Simcord компаниясы ұйымдастырушы болған және Компания мамандары IT-құқық һәм сандық активтер саласы бойынша баяндамалар жасаған іс-шараларды тілге тиек етуге болады. Ең ауқымдыларын ғана атап өтейік: III Харьков халықаралық заң форумы және Құқықтық шешімдердің ғылыми-зерттеу орталығының бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласы бойынша дөңгелек үстелі. Айтқандай, соңғы шарада қатысушылардың пікірталастағы белсенділігі мен өз көзқарастарын табанды қорғағандары соншалықты, мұндай кернеуге кейде техника да шыдамай, микрофондар әлсін-әлсін істемей қалып отырды! Бірақ бұл да дөңгелек үстелді аса жоғары деңгейде өткізуге кедергі болмады...

Алайда Simcord компаниясы көтерілген осынау деңгейді біздің бәсекелестеріміз ендігі жерде тіпті мойындағысы келмеді. Бірақ олар, шамасы, ең басты дүниені ескермеген болу керек. Яғни, өзінің сенімді Компания деген мінсіз абыройының, пікірлестерінің біріккен командасының, Серіктестер мен Клиенттер тарапынан қуатты қолдаудың, сондай-ақ ғылыми және бизнес қауымдастықтың арқасында Simcord компаниясына басқа орбитаға шығудың уақыты келген-ді. Біз алдымызда күрделі, жетістіктер мен ашуларға толы, сондықтан да аса қызықты жол тұрғанына сенімдіміз.

Бұл үшін біздің қайталанбас тарихи нүктелерімізге рахмет!

Жаңа орбита
2020

Сіз бен бізді 2020 жылда не күтіп тұр? Қандай шешімдер, ілгерілеудің динамикасы қандай? Біз бүгіннен даму бағытымызды айқындадық және оның негізіне өте көп дүние қаладық.

Сонымен, 2019 жылдың жүйелі маркетингі өз нәтижелерін берді. Ғылыми-құқықтық қорытындылардан кейінгі заңнамалық база үшін келесі маңызды құжат — бөлінген тізілім технологияларының негізіндегі ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығын экономикалық-құқықтық реттеу Доктринасы болуы тиіс. Құжаттың атының өзі көп нәрсені аңғартады! Сондықтан Доктрины әзірлеу және жасау үшін біз жетекші ғылым қайраткерлерін, құқық саласындағы беделді мамандарды, цифрлық активтер бойынша сарапшыларды шақырдық.

2019 жылғы оқиғалардың барлығын назарға ала отырып, мынаған күмән келтіруге болмайды: Simcord компаниясы дәстүрлі түрде өз қызметінің басым бағыттары мен нәтижелерін таныстыратын жыл сайынғы басты оқиға «Simcord Innovation Technologies 2020» жай ғана бірегей емес, нағыз сенсациялық болмақшы!

Bitbon Жүйесіндегі майнингтің басталуы, әртүрлі биржалардағы Bitbon листингі, негізгі мақсаты қоғамдағы экономикалық-құқықтық құзыреттіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру болып табылатын Ақпараттық экономика академиясы жұмысының басталуы — мұның бәрі біздің орасан зор жоспарларымыздың тек аз ғана бөлігі. Бірақ біздің мамандарымыздың бар күш-жігері соларды жүзеге асыруға бағытталып, Компанияның жаңа орбитаға шығуының ғарыштық көркемдігін қамтамасыз етуге жұмсалады!