Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Simcord компаниялар тобын кеңейту — Integrated ECN компаниясының бастамасы
Бөлісу:

Simcord компаниялар тобын кеңейту — Integrated ECN компаниясының бастамасы

2017 жылдың 13 наурызында Integrated ECN компаниясының — Simcord компаниялар тобын бағдарламалық-техникалық және ғылыми шешімдерінің бас дистрибьюторының іске қосылуы жүзеге асырылды.

Integrated ECN қаржы нарықтарындағы сауда-саттыққа арналған брокерлік қызметтерді ұсыну саласындағы B2B жүйесінің басты элементі болып табылады. Берілген компания қызметінің бағыты — қаржы және инвестициялық салаларға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды және зияткерлік-аналитикалық бағдарламалық өнімдерді жылжыту болып табылады. Өз мақсатына ере отырып, дәлірек айтқанда брокерлік қызмет көрсету саласында прогрессивтік идеяларды танымалдандыруға және ендіруге көмектесе отырып, Integrated ECN компаниясы өз клиенттеріне олардың бизнесін құруға және дамытуға арналған кешенді шешімдер мен бірегей әзірлемелерді ұсынады.

Integrated ECN компаниясы ұсынатын көптеген өнімдер мен қызметтердің ішінде — iPA-Жүйенің басты компоненті болып табылатын iPA (Intelligent Processing Algorithms) технологиясына негізделген iPA-Сервис (Original, Processed & Volume) қызметі бар. Берілген қызмет капитал қатысушыларына қаржы нарықтарының әлеуетін максималды түрде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін капиталды басқарудың инновациялық моделіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.