Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Инновациялық идеялардан — оларды өмірде іске асыруға дейін Simcord Innovation Technologies 2018 Оқиғасы

13 маусым 2017

Жыл сайын Simcord компаниясы басты Оқиғаны өткізеді, және біз сізді Simcord Innovation Technologies 2018 Оқиғасына қуана-қуана шақырамыз.

Біздің бірегей Оқиғамыз бірегей елде — күншуақты Қазақстанда, Алматы қаласында өтеді. Мұндай көптен күткен іс-шараның әлемнің дәл сартап дәстүрі заманауи үрдістермен, ал мәдени-тарихи мұрасы — ғаламдық инновациялық процестермен үйлесімді тіркескен жерінде ұйымдастыруды және өткізуді кездейсоқ ойлап тапқан жоқпыз.

Ең алдымен Оқиғада ұсынылған ақпараттың ерекше маңызды және құнды екеніне орай іс-шараның бірінші және екінші бөлімін Компанияның негізін қалаушы және оның бас идеологы Александр Кудь жүргізетінін хабарлағымыз келеді. Оқиғада өте қызықты фактілер және пайдалы материалдар ұсынылатын болады. Соның ішінде сіз қандай іргелі ультразаманауи технологиялардың Блокчейннің жұмыс қағидасына алынғандығын, біздің Компания мамандары әзірлеген қандай новаторлық цифрлық шешімдердің арқасында Bitbon Жүйесінің Қолданушылары арасында Bitbon-ды тарату орын алатындығын білесіз.

Әлемдік үрдістердің серпінді өзгерістері, электрондық технологияларды жаһандандыру және Компанияның көшбасшылық позицияларын ұстап тұруға деген ұмтылыс, әрине, бізді қарқынды түрде дамуға және біздің әрбір жаңа өнімімізбен келесі эволюциялық деңгейге шығуға ынталандырады.

Біз сіздермен соңғы жылда жинаған тәжірибемізбен және іс жүзіндегі атқарған жұмыстарымызбен қуана-қуана бөлісеміз — сіздерді Simcord Innovation Technologies 2018 Оқиғасында күтеміз! Өзінің қайталанбас бояуымен, табиғи экзотикасымен және дәстүрлі қонақжайлығымен шабыттандыратын Қазақстанның Оңтүстік астанасының ерекше жылы атмосферасы аясында өз мүдделестеріңіздің және достарыңыздың арасына тап болатын біздің іс-шарамызға қатысуға шақырамыз.

Сіз келесі Email-ге жазу арқылы Оқиға туралы толығырақ біліп, кеңес ала аласыз: info@sit2018.com

Simcord Innovation Technologies 2018 кездескенше!