Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Simcord компаниясы жас спортшының арманын іске асырды

23 қазан 2017

Simcord компаниясының бас директоры — Кудь Александр Александровичтің қолдауымен Украинаның аса жас чемпионы Тимур Дятловтың арманы орындалды — ол ең беделді халықаралық альпинизм турнирлерінің бірі — Petzen Climbing Trophy қатысты.

Өзінің небәрі 10 жасында Тимур барлық украиналық және халықаралық құзға жорғалау жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы болып табылады және оның талантын мойындамауға болмайды. Бала небәрі бес жаста болғанда оны ең алғашқы рет секцияға болашақ жаттықтырушысы мен тәлімгері Самсонова Лилия Николаевна алып келді.

Жігіттің сирек кездесетін қабілеттерін балалар тобындағы жаттықтырушылар бірден байқады, Тимур алғашқы қадамнан бастап оның құрдастары әдетте бір жылдан астам уақыт аралығында бағындыратын стендті бағындырды. Украинаның болашақ чемпионының келесі жаттығуы ересек балалармен өтті.

Бұған сену қиын, алайда он жасар бала бес жыл бойы құзға шығумен айналысып келеді, ал жеті жасынан бастап жарыстарға қатысып келеді.

Сол жаста Тимур алғаш рет жалпыукраиналық жарыстарға қатысты, онда ол уақытын босқа кетірмей, бірден қорытынды 3-орынды иемденіп, бәйгеге ие болды. Арада көп уақыт кетпей, бірінші ұлттық чемпионатта — бір жылдан кейін Тимур боулдерингтен алтын медальді жеңіп алды.

Сапалы жаңа деңгейге шыға отырып, Тимур халықаралық турнирлерді жеңе бастады. Харьковтан келген жас талант үшін алғашқы шетел жарысы бұл Румыниядағы Карпат Кубогы болды. Қарсыластар өте шебер, ал судьялар өз отандастарына әділетсіз төрелік етті, алайда Тимур тек түпкілікті мақсатты көрді — өзінің мансабындағы халықаралық чемпионаттағы алғашқы алтын. Нәтижесінде — Бухарестте өткен турнирдегі чемпиондық.

Тәбет тек тағаммен келеді, ал жас чемпион Австрияда жыл сайын өткізілетін ең беделді халықаралық құзға жорғалау турнирі Petzen Climbing Trophy-ге көз тастады. Мұндай турнирлерге тұрақты қатысу ата-аналар үшін айтарлықтай ақшалай қаражат шығынын келтіреді, себебі Украинаның Жастар және спорт министрлігі жас спортшыларды тек 12 жастан бастап және негізінен ұлттық жарыстарда қаржыландырады. Шетелдік чемпионаттарда қаржылық қолдау жекеменшік түрде жүзеге асырылады және оған санаулы адамдар ғана қол жеткізе алады.

Кішкентай зерек жасөспірімнің басты қолдауы — оның анасы Элита Гончарова болып табылады. Бұл ұлының оқуына көмектесу, жарыстарға бірге бару, жаттығуларда тек моральдық ғана емес, сонымен қатар физикалық қолдау көрсету - Тимур кезекті құзға жоғарылап жатқанда анасы төменде, жерде сақтықпен оқиғалардың өрбуін қадағалайды.

Бұл жолы да ерекше болмады. Баласының арманына кол жеткізу мақсатында Тимурдың анасы бірнеше қорлар мен компанияларға жас дарынға көмек сұрап хат-таныстырылым жіберді.

Элита Гончарованың хатына оң жауап берген алғашқы компания Simcord компаниясы болды. Компанияның қалаушысы әрі бас директоры — Кудь Александр Александрович — Тимурдың анасымен жеке хабарласты және баланың Австриядағы өтетін турнирдегі демеушісі болуды ұсынды. Армандағы жарыстарынан кейін құзға жорғалаушы-зерек бала Simcord бас кеңсесіне келді, онда ол Компанияның логотипі бар түпнұсқалық үлгідегі айрықша алтын фирмалық белгісімен марапатталды. Тимур да бос қолымен келген жоқ, ол Simcord Компаниясының Бас директорына көмегі үшін алғысын символдық түрде ұсынды.

Жас әрі келешегі бар таланттарды қолдау — бұл Simcord компаниясы белсенді түрде дамытып келе жатқан әлеуметтік жобаларының бірі болып табылады.