Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Компанияның ресми ресурстарын ғаламдық жаңарту — табысты ынтымақтастықтың жаңа болашағы

14 маусым 2018

Simcord компаниясы Блокчейн негізінде цифрлық экономиканың классикалық стандарттарын түрлендіру технологиясының облысындағы ең озық үрдістерін ұстанады. 21-ғасырдың жаңа трендтеріне сәйкес келуге ұмтылған кезде біз сапа стандарттарын үнемі жетілдіру және біздің Клиенттеріміз үшін барлық қызметтерді және өнімдерді жетілдіру қажеттілігін анық түсінеміз.

Біз ақпараттық ашықтық пен анықтық мәселелеріне аса жауапкершілікпен қараймыз. Сіздерге 2018 жылдың 17 маусымында әлемдік қоғамдастыққа Компания қызметінің негізгі мақсаттарын, нәтижелерін және бағыттарын кешенді таныстыру үшін ресми ресурстардың маңызды жаңаруы болатындығы туралы хабарлаймыз. Біз осы бөлікте атқарылған жұмыстың Simcord компаниясымен бірге дамудың нақты болашағын әрбір адамға көруге және қалыптастыруға мүмкіндік беретініне шын жүректен сенеміз.

Simcord ресми сайтындағы жаңартулар

Simcord компаниясының ресми сайты жаңа бөлімдермен толықтырылады, осының арқасында ол интерактивтірек және мазмұнды болады::

  • «Құрылым» бөлімі қосылды, онда біз Компанияның барлық бөлімшелерінің матрицалық басқару құрылымының қағидаларына сәйкес өзара әрекеттесудің ұйымдастырушылық жүйесін ұсынамыз. Біз қабылдаған басқару үлгісі жоғары сапалы өнімдерді тарату мақсатында міндеттерді шешуді оңтайландыруға және жеделдетуге бағытталған.
  • Сондай-ақ, Компания Simocord компаниясы сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес келуін құжатталған түрде растайтын Блокчейн технологиясы негізінде жоғары жүктелген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және өндіру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ISO 9001:2015 сертификатын алу туралы ақпаратты ресми түрде хабарлайды.
  • Біздің Серіктестеріміз бен Клиенттеріміздің Компаниядағы болып жатқан барлық процестерді толық түсінуі үшін Simcord компаниясының негізгі қызмет бағыттарын сипаттайтын ақпаратты жарияладық: маркетинг, бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу, зияткерлік меншік, Simcord холдингі компаниялары, әлеуметтік қызмет, ғылыми-зерттеу қызметі, сыртқы Серіктестермен ынтымақтастық және ішкі корпоративтік мәдениет. Атап өтілген қызмет бағыттарының әрқайсысында сіз «Қызмет» сайтының жаңа бөлімінде танысуға болатын бағдарламалар бар.
  • Сауатты бизнес-процесстерді қалыптастырудың және кәсіпқойлардың күшті мақсатқа бағытталған тобын қалыптастырудың ажырамас бөлігі дамыған корпоративтік мәдениет болып табылады. Simcord компаниясының өмірінің қалай құрылғаны, біздің әрбір қызметкеріміздің алдында қандай болашақтың ашылып жатқандығы және олардың бәрі біздің ортақ табысымызға қалай ықпал ететіндігі туралы біз сізбен «Өмір» жаңа бөлімінде бөлісетін боламыз.
  • Simcord — бұл кеңселері мен өкілдіктері әлемнің түрлі қалаларында және елдерінде орналасқан халықаралық компания. Біз дамып жатырмыз, ал біздің қызметкерлеріміздің саны үнемі өсіп келеді — Компанияға жоғары білікті мамандар қажет. Осыған байланысты біз Simcord компаниясының миссиясын орындау және мақсаттарға жету үшін жаңа кадрларды тартудың жаңартылған стратегиясын іске асырудамыз. Енді ресми сайтта «Бос жұмыс орындар» жаңа бөлімі орналастырылатын болады, бұл әрбір адамға өзінің кандидатурасын қарастыру үшін өтінім жіберуге және біздің топқа қосылуға мүмкіндік береді.
  • Дәстүрлі түрде жаңа Сауда белгілерінің сипаттамасымен толықтырылатын «Заңды ақпарат» бөлімі де дамып келеді: Криптоқұндылық Bitbon, Assetbox, iPA, bit.Trade, Bitup, Bitup-Агенттік, Контрибьютор, Контрибьютинг. Компания сондай-ақ әлемнің әртүрлі елдерінде Сауда белгілерін тіркеуді жалғастыруда.
  • Біз «Стратегия» бөлімінде танысуға болатын 2018-2035 жылдарға арналған Компанияның жалпы даму стратегиясын анықтап, жарияладық.

Жаңартулар ресми Bitbon Space веб-сайтында

Бұдан кейін біз Bitbon Жүйесінің ресми сайты — www.bitbon.space қатысты өзгерістер туралы сөз қозғағымыз келеді. Біз бұрын айтқандай, Bitbon Жүйесінің White Paper жарияланған Bitbon Жүйесінің ғаламдық маркетингтік стратегиясына келесі толықтырулар енгізілетін болады:

  • Енді сайттың негізгі парақшасында 2018 жылдың 10 қазанына дейін Bitbon Жүйесінің crowdsale туралы ақпарат анық орналастырылатын болады, ол нақты уақытта Bitbon-ның құнының өсуін, Bitbon-ның сатылған санын, сонымен қатар сатып алуға болатын Bitbon санын көрсететін болады.
  • Басты парақшада қосымша Bitbon сатып алу үшін Bit Trade Цифрлық Активтер Биржасының ресми сайтына тікелей кіруге мүмкіндік бар.
  • Ашықтық пен қызметті жүргізудің ашық стандарттарын басшылыққа ала отырып, www.bitbon.space сайтында Bitbon Жүйесін әзірлеуші-Компания туралы ақпарат, оның бірегей шешімдерді жасаудағы қызметі, сонымен бірге Компания мен Bitbon Жүйесінің барлық Қолданушыларының қызығушылығы үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау туралы ақпарат қолжетімді болады. Сіз бұл материалмен сайттың төменгі деректемесіндегі «Заңды ақпарат» сілтемесі арқылы өте отырып таныса аласыз.
  • Bitbon Жүйесіне деген қызығушылықтың артуына байланысты біз Bitbon Жүйесі туралы, оның механизмі мен оның жұмысының ерекшеліктері туралы сұрақтары бар көптеген хаттарды аламыз. Осылайша, соңғы бірнеше ай ішінде біз Клиенттерден келіп түскен 10 000-нан астам өтінімдерді өңдеп, жиі қойылатын сұрақтарды айқындап, жан-жақты жауап бердік. «Сұрақтар мен жауаптар» жаңа бөлімінде Bitbon Жүйесі туралы, оның Қатысушыларының мүмкіндіктері және даму болашағы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болады.

Сондай-ақ біздің White Paper жарияланған Bitbon Жүйесінің даму стратегиясына сәйкес келесі 3 айда біздің Bitbon Space сайтының құрылымына бірнеше маңызды жаңартулар мен толықтыруларды жоспарлап отырғанымыз туралы хабарландырғымыз келеді.

Bit Trade Цифрлық Активтер Биржасының ресми сайтындағы жаңартулар

Bitbon Жүйесін ғаламдық цифрлық экономикаға шығару және интеграциялаудың бүкіл процесінің маңызды бөлігі Bit Trade Цифрлық Активтер Биржасы технологиясы арқылы оның мүмкіндіктерін іске асыру болып табылады. Сондықтан 2018 жылдың 17 маусымынан бастап қолдануға болатын жаңа қызметтер туралы Сізге хабарлауды маңызды деп есептейміз:

  • Енді сайттың негізгі мәзірінде Сізге «Алмасу» атты жаңа бөлім қолжетімді болады, онда біз Bit Trade Цифрлық Активтер Биржасының болашақ мүмкіндіктерін, атап айтқанда — нарықты талдау құралдарын пайдалана отырып, нарықтық бағам бойынша Bitbon-ды сатып алу және сату мүмкіндігін жариялаймыз.
  • Bit Trade қызметтерін дамыту шеңберінде crowdsale-ге сәйкес жаңа Advanced Cash төлем сервисі қосылатын болады және Bitcoin үшін Bitbon сатып алу мүмкіндігі, ал 15-шілдеден кейін — Ethereum үшін Bitbon сатып алу мүмкіндігі ұсынылатын болады.
  • Bitbon Transfer аудармалар қызметінің жұмысы жетілдірілетін болады. Bitbon аударымдар қауіпсіздігін арттыру мақсатында Жүйе Пайдаланушыларының арасында жаңа BTSC (Bitbon Transfer Security Code) функциясы — Assetbox-та Сіздің Bitbon қорсымша қорғаныс деңгейін қамтамасыз ететін арнайы код әзірленген.
  • White Paper-да жарияланған Bitbon Жүйесін алға жылжытудың маркетингтік стратегиясына сәйкес біз Affiliate Серіктестік бағдарламасын іске қосамыз. Енді Bitbon Жүйесін цифрлық экономиканың өзгерісіндегі маңыздылығын түсінетін және оның дамуына өз үлесін қосқысы келетін кез-келген адамға Серіктестік бағдарламасының мүшесі болуға және Bitbon-ның тікелей сатылымынан қосымша 10% пайда алуға мүмкіндік берілетін болады. Ол үшін Сізге алға жылжытудың арнайы құралдары — Bitbon Space және Bit Trade сайтына реферальді сілтемелер қолжетімді болады.

Қорытындылай келе, Компанияның инновациялық шешімдерді құрудағы басты басымдығы — біздің Клиенттерімізге және Серіктестерімізге өз әлеуетін іске асырудың прогрессивті мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылатындығын қосамыз. Дәл сол себепті кең ауқымдағы жаңартудағы жұмысымызда біз Simcord компаниясымен ынтымақтастықтың айқын артықшылықтарын сезіне алу үшін маңызды ресурстарды пайдаландық.

Біз әрбір Клиент пен Серіктестің пікіріне үлкен көңіл бөлеміз және барлық тілектеріңізді ескеруге тырысамыз. Компания ұсынылатын қызметтердің Сіздің мүдделеріңізді максималды деңгейде қанағаттандыруына ықпал жасайды, сондықтан жоғарыда аталған сайттардағы барлық түрлендірулермен танысып, интерфейстік шешімдерді, қосылған компоненттердің пайдалылығы мен тиімділігін бағалауды ұсынамыз. Сондай-ақ бізбен бірге Bitbon Жүйесінің сәтті дамуына жағдай жасау үшін және жаңа цифрлық экономика кезеңіне ертерек өту үшін Simbon компаниясының эволюциялық әзірлемелері туралы ақпаратты тарату және бөлісуіңізді сұраймыз.z