Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.
Украинаның Жоғарғы Радасында «Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» Заңның жобасы тіркелді
Бөлісу:

Украинаның Жоғарғы Радасында «Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» Заңның жобасы тіркелді

2020 жылы 5 қарашада Украинаның Жоғарғы Радасында «Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» Заңның жобасы тіркелді. Заңның жобасын құрамына «Бөлінген тізілімнің технологияларын қолдану саласындағы экономикалық-құқықтық шешімдердің ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық ұйымының қатысушылары, Simcord компаниясының мамандары, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері мен Украинаның халық депутаттары кірген авторлық ұжым әзірледі.

Simcord компаниясы қабылдаған қалыптамалық басқару құрылымына сәйкес Компания қызметі бағыттарының бірі «Заңдық ілеспе жұмыс» болып табылады. Аталмыш бағыт аясында Компания мамандары заңнамалық қызметтің сарапшылары және кеңесшілері ретінде көріне алады. Яғни, Компания мамандарының Заң жобасын әзірлеуге қатысуы ақпараттық ресурстар, тауарлар мен қызметтер нарығын бұдан да жедел және тиімді дамытуға септесетін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер жасау және жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған.

«Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» Заңның жобасы (№ 4328, 05.11.2020 ж.) бөлінген тізілімнің виртуалды активтерін реттеу саласында виртуалды активтер саласындағы субъектілердің құқықтық дәрежесін және аталмыш виртуалды активтердің құқықтық режімін белгілейтін арнайы жоба болып табылады. Бұдан басқа, Заң жобасында бөлінген тізілімнің виртуалды активтерінің жіктелуі көрініс тапқан, бұл бөлінген тізілімнің виртуалды активтерін қолдануға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге және оларды азаматтық һәм шаруашылық құқықтық қатынастарда пайдалануға мүмкіндік береді.

Аталмыш Заң жобасының негізіне қаланған Басты тұжырымдамалық идея – бөлінген тізілімнің виртуалды активтері саласы үшін құқықтық анықтықты белгілеу болып табылады.

«Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» Заңның жобасын қабылдау бөлінген тізілімнің виртуалды активтерінің құқықтық өрісіне тиісті операциялар енгізуге және олардың барлық түрлерімен жасалатын сол операцияларды реттеуге, сондай-ақ осындай виртуалды активтер пайдаланылатын отандық және шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік ашады.

Жоғарыда айтылғанның бәрі IT-секторға инвестиция салу үшін және орталықсыздандырылған ақпараттық платформалар негізінде украиндық және шетелдік мамандарға экономиканың нақты салаларында белсенді шешімдер қолдану үшін түрткі болатын жайлы жағдай жасай отырып, Украинаға цифрлық экономиканың кейбір салаларындағы технологиялық көшбасшы елдер қатарына жақындауға мүмкіндік береді.