Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Жүйелік әкімші көмекшісі

Біздің тобымыз 10 жылдан астам өз қаржылық өнімдерінің сызығын әзірлеумен кәсіби түрде айналысып келеді. Біздің Компанияда «Жүйелік әкімші көмекшісі» бос жұмыс орны ашық. Біз ДК қызмет көрсету және БҚ баптау облысындағы жұмыс тәжірибесі бар сауатты маманды іздеп жүрміз. Егер Сіз заманауи технологияларды оқып білуге және күрделі техникалық міндеттерді шешуге дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді жіберіңіз.

Талаптар мен қажетті дағдылар:

  • өзгерістерге жылдам бейімделе алу;
  • Service Desk қызметінің жұмыс қағидаларын түсіну;
  • тыныштықты сақтау қабілеттілігі, сабырлылық;
  • сауатты ауызша және жазбаша тіл;
  • ДК жөндеу тәжірибесі, аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыру ақаулықтарын анықтай және жоя білу;
  • десктопты операциялық жүйелерді Windows, Linux әкімшілендіру тәжірибесі;
  • компьютерлік желілердің әрекет ету негіздерін түсіну.
Мақсаттар мен міндеттер:
  • кеңсенің локалды инфрақұрылымын қолдау: ДК, кеңсе техникасы;
  • пайдаланушылардың ДК-не БҚ орнату және сүйемелдеу;
  • аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыру ақаулықтарын анықтау және жою;
  • Компаниядағы аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыру есебі;
  • пайдаланушылардың өтінімдерін орындау.
Артықшылық болады:
  • серверлік ОЖ (Windows немесе *nix) білу, желілік құрылғылармен жұмыс тәжірибесі.
Біз нені ұсынамыз:
  • халықаралық деңгейдегі Компанияда жұмыс істеу;
  • мансаптық өсу болашағы, қызықты жобалар мен Сіздің потенциалыңызды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер;
  • жайлы кеңсе, тегін кофе және тату ұжым;
  • Компания есебінен кәсіби тренингтерге, курстарға және семинарларға бару мүмкіндігі.
Бізге қосылыңыз!

Өтінім жасау

Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз, және біз міндетті түрде оны қарастырамыз.



Қолданыстағы ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз

Сіздің түйіндемеңіз (.doc, .docx, .rtf, .pdf, .zip, .txt)