Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Senior Java-әзірлеуші

Simcord компаниясы қаржылық нарықтарға арналған өзінің бағдарламалық өнімдерінің негізіндегі b2b-шешімдердің жеткізушісі болып табылады. Өндіріске өзінің highload real-time сервер жобасын іске қосумен байланысты Компания Senior Java-әзірлеуші бос жұмыс орнын ашады. Біз highload-жобалардың не екендігін білетін, әрі бұл ретте олармен жұмыс істегісі келетін мамандарды іздеп жатырмыз. Бізге әсіре-перфекционисттер қажет. Ымыралар — біздің жолымыз емес.

Талаптар мен қажетті дағдылар:

  • жақсы жад, ұқыптылық, перфекционизм;
  • J2SE, J2EE, IntelliJ IDEA, Maven білу;
  • Java core тәртіптерін білу;
  • параллель бағдарламалау;
  • НББ, OOD, жобалау паттерндері;
  • жоғары немесе аяқталмаған жоғары білім (ақпараттық технологиялар саласында немесе жақын облыстарда болғаны жақсы);
  • Senior Java-әзірлеуше және/немесе сәулетші, Tech Lead позициясындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 2 жыл;
  • Spring (Boot, Security, Integration), Hadoop пайдалану тәжірибесі;
  • код өнімділігі бойынша оңтайландыру және деректерді денормализациялау тәжірибесі.
Мақсаттар мен міндеттер:
  • БҚ жобалау және әзірлеу;
  • unit-тесттерді дайындау;
  • «өзге» код ревюі;
  • жобаның кодты базасын оңтайландыру және рефакторинг;
  • ұсынылатын технологиялық шешімдерді бағалау және сараптамалық талдау.
Артықшылық болады:
  • функционал тілдерге деген қызығушылық (Erlang, Clojure, Scala);
  • MPI;
  • NoSQL (Cassandra, Elastic Search, Redis);
  • бұғаттамайтын контейнерлерді пайдалану тәжірибесі;
  • мультинодты қосымшаларды профайлингтау және ретке келтіру тәжірибесі;
  • тәлімгерлік дағдылары;
  • Git тәжірибесі.
Біз нені ұсынамыз:
  • халықаралық деңгейдегі Компанияда жұмыс істеу;
  • мансаптық өсу болашағы, қызықты жобалар мен Сіздің потенциалыңызды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер;
  • жайлы кеңсе, тегін кофе және тату ұжым;
  • Компания есебінен кәсіби тренингтерге, курстарға және семинарларға бару мүмкіндігі.
Бізге қосылыңыз!

Өтінім жасау

Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз, және біз міндетті түрде оны қарастырамыз.



Қолданыстағы ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз

Сіздің түйіндемеңіз (.doc, .docx, .rtf, .pdf, .zip, .txt)