Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Front-End Developer

Біздің Компания өзінің қаржылық өнімдерінің сызығын әзірлеумен кәсіби және сәтті түрде айналысады. Жаңа жобаларды әзірлеуді іске қосумен байланысты біз Front-End Developer бос жұмыс орнын аштық. Өз тобымызға веб-қосымшаларды әзірлеудегі 3 жылдан астам тәжірибесі бар дарынды маманды қабылдаймыз.

Талаптар мен қажетті дағдылар:

  • жұмыс тәжірибесі 3 жылдан артық;
  • HTML, CSS, JavaScript сенімді білу;
  • SASS/LESS пайдаланумен әзірлеу тәжірибесі;
  • бейімді беттеу тәжірибесі;
  • JavaScript фреймфорктарды (React, AngularJS, Ember, Vue.js және т. б.) пайдаланумен әзірлеу тәжірибесі;
  • PHP, немесе Java, немесе C# базалық білімдері;
  • өзінің білімдерін тәжірибесі төмен әзірлеушілерге беруге деген ықылас.
Мақсаттар мен міндеттер:
  • топпен бірге Компания жобаларын дамыту;
  • жаңа функционалды әзірлеу;
  • біздің интерфейстермен UI/UX инженерлермен бірге жұмыс (сайттың да, әкімші-панельдің де);
  • жаңа технологияларды ендіру және оларды тестілеуге қатысу;
  • жобаның Front-End бөлігі құрылысының сұрақтарын шешу.
Артықшылық болады:
  • өнімді компаниядағы жұмыс тәжірибесі;
  • Front-End әзірлеушілердің тобын (3–5 адам) басқару тәжірибесі;
  • перфекционизм және жақсыға ұдайы ұмтылу.
Біз нені ұсынамыз:
  • халықаралық деңгейдегі Компанияда жұмыс істеу;
  • мансаптық өсу болашағы, қызықты жобалар мен Сіздің потенциалыңызды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер;
  • жайлы кеңсе, тегін кофе және тату ұжым;
  • Компания есебінен кәсіби тренингтерге, курстарға және семинарларға бару мүмкіндігі.
Бізге қосылыңыз!

Өтінім жасау

Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз, және біз міндетті түрде оны қарастырамыз.



Қолданыстағы ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз

Сіздің түйіндемеңіз (.doc, .docx, .rtf, .pdf, .zip, .txt)