Simcord
Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Бизнес-процесстер талдаушысы

Біз кәсіпқойлардың ынтымақты тобына қосылуға дайын мақсатқа беттелген бизнес-процесстер талдаушысын іздейміз. Бұл өз мансабын ірі халықаралық ІТ-компанияда дамытқысы келетін өздігінен ұйымдасқан, дәлелді және жоғары ынталандырылған дарындарға арналған позиция.

Талаптар мен қажетті дағдылар:

  • бизнес/жүйелік талдаушы позициясында ІТ-салада 3+ жыл жұмыс өтілі;
  • функционал және функционал емес талаптарды анықтау және талдау тәжірибесі;
  • бизнес-процесстер талдаушысы ретінде кем дегенде 2 жобада клиент-серверлік және веб-серверлік қосымшалардың модельдерін жобалауға қатысу;
  • бизнес-процесстерді қалыптастыру мен/немесе сипаттауға қатысу;
  • техникалық тәжірибе; тестілеуші болғаны дұрыс;
  • БҚ әзірлеу процессін ұғыну — өмірлік цикл, әр түрлі тәсілдемелер мен әдістемелер;
  • талаптармен жұмыс істеу қағидалары, талаптар эволюциясының негізгі сатылары, талаптар сапасы;
  • талаптарды жинау, талдау және рәсімдеу әдіснамасын білу;
  • тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтау, ұсынылатын шешімдерді талдау, өзгерістер бойынша ұсыныстарды негіздеу дағдылары;
  • мүмкіндіктерді талдау және талаптарды жүзеге асыру мәселелерін талдау дағдылары;
  • талаптарды құрылымдау, тапсырыс және орындаушылар тобы үшін ақпаратты ұсынудың ең сәйкес кескінін таңдай білу;
  • талдамалы ойлау;
  • жүйелердің әр түрлі жағдайлары мен күйлерін салыстыра және талдай алу, нақты техникалық шешімдерге жалғастырусыз бүтін кескінді көре алу;
  • жоба мен жалпы Компанияның бизнес-мақсаттарын басшылыққа ала отырып, әрекет ету мен шешімдерді қабылдау қабілеті мен дайындығы;
  • қатысымдық және ұйымдастырушылық қабілеттер, ортақ тіл табуға деген ықылас пен ептілік;
  • жаңа пәндік облысты жылдам түсіну қабілеттілігі.
Мақсаттар мен міндеттер:
Компанияның бизнес-мақсаттары мен қажеттіліктерінің есебімен Компанияның бизнес-процесстерін анықтау мен сипаттау:
  • Компанияның бизнес-процесстерінің ақпараттық жүйесін ендіру үшін түзетуге талаптарды әзірлеу және тілектерді талдау, ендіру жобасына қатысу;
  • Компанияның бизнес-процесстерін жақсарту бойынша топ қызметін бақылау, сонымен бірге есептілікті жүргізу және ұсыну;
  • бизнес жұмысының процесстерін анықтау үшін пәндік облыстағы сарапшылармен және пәндік облыспен жұмыс істеу, сонымен бірге процесс қатысушыларымен интервью жүргізу және «жұмыс күнінің суреттерін» орындау;
  • Компанияның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес әрекет ететін бизнес-процесстерін талдау және өзектендіру;
  • бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша тілектерді/талаптарды нығайту және талдау;
  • сәйкес БҚ пайдаланумен бекітілген стандарттарға сәйкес Компанияның бизнес-процесстерін сипаттау;
  • нормативтік құжаттарды қалыптастыру, өзектендіру және бейімделту (регламенттер, нұсқаулықтар, стандарттар).
Біз нені ұсынамыз:
  • халықаралық деңгейдегі Компанияда жұмыс істеу;
  • мансаптық өсу болашағы, қызықты жобалар мен Сіздің потенциалыңызды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер;
  • жайлы кеңсе, тегін кофе және тату ұжым;
  • Компания есебінен кәсіби тренингтерге, курстарға және семинарларға бару мүмкіндігі.
Бізге қосылыңыз!

Өтінім жасау

Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз, және біз міндетті түрде оны қарастырамыз.



Қолданыстағы ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз

Сіздің түйіндемеңіз (.doc, .docx, .rtf, .pdf, .zip, .txt)