Біз болашақтың келгенін күтіп отырмаймыз.
Біз оны бүгін жасаймыз.

Бизнес-үдерістер талдаушысы

Біз кәсіпқойлардың ынтымақты тобына қосылуға дайын, мақсатқа беттелген бизнес-үдерістер талдаушысын іздейміз. Бұл өз мансабын ірі халықаралық ІТ-компанияда дамытқысы келетін өздігінен ұйымдасқан, дәлелді және жоғары ынталандырылған дарындарға арналған жайғасым.

Талаптар мен қажетті дағдылар:

  • бизнес/жүйелік талдаушы жайғасымда ІТ-салада 3+ жыл жұмыс өтілі;
  • функционал және функционал емес талаптарды анықтау және талдау тәжірибесі;
  • бизнес-үдерістер талдаушысы ретінде кем дегенде 2 жобада клиент-серверлік және веб-серверлік қосымшалардың үлгілерін жобалауға қатысу;
  • бизнес-үдерістерді қалыптастыру мен/немесе сипаттауға қатысу;
  • техникалық тәжірибе;
  • тестілеуші болғаны дұрыс;
  • БҚ әзірлеу үдерісін ұғыну — өмірлік цикл, әр түрлі тәсілдемелер мен әдістемелер;
  • талаптармен жұмыс істеу қағидалары, талаптар эволюциясының негізгі сатылары, талаптар сапасы;
  • талаптарды жинау, талдау және рәсімдеу әдіснамасын білу;
  • тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтау, ұсынылатын шешімдерді талдау, өзгерістер бойынша ұсыныстарды негіздеу дағдылары;
  • мүмкіндіктерді талдау және талаптарды жүзеге асыру мәселелерін талдау дағдылары;
  • талаптарды құрылымдау, тапсырыс және орындаушылар тобы үшін ақпаратты ұсынудың ең сәйкес кескінін таңдай білу;
  • талдамалы ойлау;
  • жүйелердің әр түрлі жағдайлары мен күйлерін салыстыра және талдай алу, нақты техникалық шешімдерге жалғастырусыз бүтін кескінді көре алу;
  • жоба мен жалпы Компанияның бизнес-мақсаттарын басшылыққа ала отырып, әрекет ету мен шешімдерді қабылдау қабілеті мен дайындығы;
  • қатысымдық және ұйымдастырушылық қабілеттер, ортақ тіл табуға деген ықылас пен ептілік;
  • жаңа пәндік облысты жылдам түсіну қабілеттілігі.

Мақсаттар мен міндеттер:

Компанияның бизнес-мақсаттары мен қажеттіліктерінің есебімен Компанияның бизнес-үдерістерін анықтау мен сипаттау:

  • Компанияның бизнес-үдерістерінің ақпараттық жүйесін ендіру үшін түзетуге талаптарды әзірлеу және тілектерді талдау, ендіру жобасына қатысу;
  • Компанияның бизнес-үдерістерін жақсарту бойынша топ қызметін бақылау, сонымен бірге есептілікті жүргізу және ұсыну;
  • бизнес жұмысының үдерістерін анықтау үшін пәндік облыстағы сарапшылармен және пәндік облыспен жұмыс істеу, сонымен бірге үдеріс қатысушыларымен сұхбат жүргізу және «жұмыс күнінің суреттерін» орындау;
  • Компанияның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес әрекет ететін бизнес-үдерістерін талдау және өзектендіру;
  • бизнес-үдерістерді оңтайландыру бойынша тілектерді/талаптарды нығайту және талдау;
  • сәйкес БҚ пайдаланумен бекітілген стандарттарға сәйкес Компанияның бизнес-үдерістерін сипаттау;
  • нормативтік құжаттарды қалыптастыру, өзектендіру және бейімделту (регламенттер, нұсқаулықтар, стандарттар).

Біз нені ұсынамыз:

  • халықаралық деңгейдегі Компанияда жұмыс істеу;
  • мансаптық өсу болашағы, қызықты жобалар мен Сіздің әлеуетіңізді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер;
  • жайлы кеңсе, тегін кофе және тату ұжым;
  • Компания есебінен кәсіби тренингтерге, курстарға және семинарларға бару мүмкіндігі.

Бізге қосылыңыз!

Өтінім жасау
Бізге өз түйіндемеңізді жіберіңіз, және біз міндетті түрде оны қарастырамыз.
Қалаулы лауазым
Сіздің есіміңіз кім?
Сіздің Email
Ukraine (Україна)
+380
Belarus (Беларусь)
+375
Cyprus (Κύπρος)
+357
Kazakhstan (Казахстан)
+7
Latvia (Latvija)
+371
Russia (Россия)
+7
Ukraine (Україна)
+380
United Kingdom
+44
+380
Қала
Пікір
Сіздің түйіндемеңіз (.doc, .docx, .rtf, .pdf, .zip, .txt)
Файл таңдалған жоқ